• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары
Жаңалықтары

«От өзегінен өрілген керамика»

Солжағалық кешеннің үлкен көрме павильонында «От өзегінен өрілген керамика» көрмесі өтуде

Көрме Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейі қорындағы 200-ден астам бұйымды біріктіріп, келушілерді керамика өнерінің бай әлемімен таныстырады.

Мұнда Риштан керамикасының шебері Сухроб Юсуповтың туындылары, «Отырар ауласы» топтамасы, Наталья Хабарова мен Тамара Владыкинаның авторлық жұмыстары, Өскемен құрылыс материалдары комбинатының бұйымдары, сондай-ақ дәстүрлі тұрмыстық керамика үлгілері ұсынылған.

Отқа күйдірілген саз бұйымдары арқылы ежелгі дәстүр мен шеберлік тоғысқан керамика өнерімен танысуға шақырамыз.

Қосымша фотосурет ...

 «Сирек кітаптар - ғасырлар сыры»

Этнографиялық музейдің Солжағалық кешенінің Кіші павильонында «Сирек кітаптар - ғасырлар сыры» атты жаңа көрме ашылды.

Көрме ғасырлар қойнауына жетелеп, көне түркі руникалық жазбаларынан бастап заманауи баспа басылымдарына дейінгі рухани мұрамен таныстырады.

Көрмеде көне түркі руна жазулары бар «Тоныкөк ескерткішінің» макеті және 1870 - 1900 жылдардағы типографиялық баспа станогының макеті ұсынылған. Сондай-ақ, көрмеге Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейі қор коллекциясынан алынған сирек әрі құнды басылымдар қойылған.

Көрмеде Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінің қор топтамасынан алынған сирек әрі құнды басылымдар ұсынылған.

Әрбір жәдігер ұрпақтар жадын сақтап, білім мен тағылымды жеткізген, қазақ халқының бай мәдениетін бейнелеген өзіндік тарихымен бөліседі.

Қосымша фотосурет ...



Өзіміз шеберлерміз!

2020 жылдың 13, 14 маусымында, демалыс күндері Өскемен қаласының қолөнершілері Солжағалық кешенге келушілер үшін шеберлік дәрістерін жалғастырды.

 

Шеберлер қаласында білезік өруден шеберлік дәрісі өтті

2020 жылдың 6 және 7 маусымында, сенбі, жексенбі күндері Өскемен қаласы  қолөнершілерінің музей-қорықтың Солжағалық кешені Шеберлер қаласындағы кешенге келушілерге арналған шеберлік дәрістері болып өтті.

 

Қалада дәл мұндай демалыс орны жоқ», - деген пікір айтты

Балаларды қорғау күнінде Солжағалаулық кешенге келуші

 

Халықаралық Балаларды қорғау күнін қарсы аламыз!

1 маусымда бүкіл әлем жұртшылығы Халықаралық Балаларды қорғау күнін атап өтеді. 1949 жылдың қарашасында  әйелдердің халықаралық демократиялық федерациясының  арнайы сессиясында аталған мерекені атап өту туралы шешім қабылданған болатын.

 

Мәдениет және өнер қызметкерлері күнін атап өтеміз.

21 мамыр күні Қазақстанда мәдениет және өнер қызметкерлерінің төл мерекесі аталып өтіледі. Аталған мереке Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, 2013 жылдың қарашасында дүниеге келген-ді. 

 

Халықаралық музейлер күні – бұл біздің мереке!

18 мамырда музей-қорық ұжымы Халықаралық музейлер күнін атап өтті.

 

Ізгі дәстүрлер сақталатын мереке

15 мамыр күні Қазақстанда халықаралық Отбасы күні аталып өтіледі.

 

«Көрмелік анонс» айдары

Музей-қорықтың Солжағалық кешеніндегі Үлкен павильонда «Жылқы және салт атты. Ғасырлар тереңінен көз салғанда» - еуразия даласындағы көшпенділер тарихындағы жылқылардың рөліне арналған көрмені ашуға дайындық жұмыстары жүргізілуде.

 

«Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» атты этновикторинаның қорытындысы шығарылды.

2020 жылдың 27 сәуірі мен 3 мамыры аралығында Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығы Қазақстан халқының бірлігі күніне арнап «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» атты он-лайн этновикторина өткізді. Бір қуанарлығы сол, аталған викторинаға шығысқазақстандықтар ғана емес, Қазақстанның басқа өңірлерінің де тұрғындары атсалысты. Викторинаға жиыны 45 адам қатысты.

 

Бірлік мерекесі құтты болсын!

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймыз!

 


JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL

МӘТІНДІК БАЗА БОЙЫНША ІЗДЕУ

ЯНДЕКС ЖҮЙЕСІНДЕ ИНДЕКСАЦИЯДАН ӨТКЕН ІЗДЕУ

Есептегіштер

 Top.Mail.Ru

Статистика

Пайдаланушылар : 3
Мақалалар : 3185
Материалдарды қарау : 39905374

Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>



«Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы» КМҚК-ның даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ...


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді.QR Museum сілтемесіне көшу …


«E-museum» веб-порталы - еліміздегі барлық музейлер мен олардың қорындағы жәдігерлер туралы ақпаратты бір жүйеге біріктіретін ұлттық цифрлық платформа.E-museum сілтемесіне көшу ...