Көрмелік павильондар бой көтерген аумақта бұрынғы «Көпір отряды» ҚӨМК-нің өндірістік базасы орналасқан болатын, оның сол кездегі көрінісі: қираған ғимараттар мен құрылыстар, іргетастар мен бұрынғы темір-бетон бұйымдар цехының буландырғыш камералары бетон қабырғаларының қалдықтары. Іргетастардың техникалық жағдайлары зерттелгеннен кейін оларды көрме павильондарының қабырғасы үшін пайдалануға шешім қабылданды.
Үлкен павильон
Ғимарат алаңы – 777,12 шаршы метр
Көрмелік блок пассаж ретінде берілген.
Қасбеттерге жақсы көрік беру үшін қапталдарындағы құрылыстар тікбұрышты үшбұрыш болып салынған, қиғаш төбесі металл жабынқышпен жабылған.
2011 жылғы 19 маусымда үлкен павильонда мына көрмелер ашылды:
- «Өткен күндер кереметі» мұражай-қорықтың қорынан ХХ ғасырдың ортасындағы гобелендер көрмесі
- ШҚО суретшілерінің көрмесі
2011 жылғы 19 маусымда Үлкен павильонда алғашқы көрмелер ашылды:
- «Өткен күндердің ғажаптары» – мұражай-қорық қорынан алынған ХХ ғасырдағы гобелен кілемдерінің көрмесі
- «ШҚО суретшілерінің шығармашылығы»
- «Мұражай-қорық қорындағы ШҚО сәндік-қолданбалы өнері» (ағаш – ою, өрнек салу, мүсін; тоз, шыбық, қоға, флористика, аппликация, тері,кесте, ұсақ моншақ, керамика, шамот)
2013 жылғы сәуір айында мына көрмелердің жаңа маусымы ашылды:
- «Өз еліңе қызмет ету құрметі үшін...» - шетел мемлекеттері аймақтарының басшылары, бауырлас қалалар мен халықаралық ұйымдардың, қорлардың басшылары, компаниялардың жетекшілері ШҚО әкімі Б.М.Сапарбаевқа тарту еткен және әкімнің мұражай-қорық қорына өткізген сыйлықтардың көрмесі.
- «Орыс беторамалындарындағы әлем картинасы» - мұражай-қорық қорының коллекциясынан
- «Мәдениет қанатында» (Қытай мәдениетіне ретроспективалық көзқарас). Қазақстан Республикасындағы КХР Елшілігі ұсынған.
Кіші павильон
Қарапайым конфигурациялы ғимараттың жоспардағы көлемі 22,0х9,0 м.
Қасбеттерге жақсы көрік беру үшін қапталдарындағы құрылыстар тікбұрышты үшбұрыш болып салынған, қиғаш төбесі металл жабынқышпен жабылған.
2011 жылғы 19 маусымда Кіші павильонда тұңғыш «Кеңес Одағы кезіндегі мүсін» көрмесі ашылды.
Көрмеде мұражай-қорықтың қорындағы коллекция – Касли және Кусинск шойын құю зауыттарының, Мытищи (Мытищи ауданы, Мәскеу облысы) және Мәскеу көркем құю зауыттарының, Ленинград металл бұйымдары зауытының шағын формалы шойын, қола, аллюминий, силумин (алюминий мен кремний балқымасы) мүсіндері назарға ұсынылған. Туындыларды белгілі кеңес мүсіншілері Н.В.Дыдыкин, Криворуцкий, Л.Г.Могилевский, Г.В.Нерода, В.А.Рогайшис, Н.А.Соколов, Н.А.Теплов, Л.М.Торич, А.П.Файдыш, В.Е.Цигаль орындаған.
2012 жылы безендірілген «Мұра және қазіргі заман» атты экспозиция 2013 жылдың сәуір айында жазғы маусымды ашты, ол келушілерді қазақтардың сәндік-қолданбалы өнерінің негізгі түрлерімен таныстырады. Көне бұйымдар мен қазіргі заманғы шеберлердің жұмыстары уақыттарды өзара жалғастырып тұрғандай.