Ескідәстүршіл шаруа қонысы. ХХ ғасыр басы
Тұрғын үй – екі қабаттық байланыс. Бөренеден тұрғызылған үй, «бұрыш сыртына» шегенделген, салмаларға (самецтерге) қондырылған екі еңісті тақтай шатыры бар. Бірінші қабатта изба (асүй), пристен (тұрғын бөлме), екі жертөле (жылытылмайтын, қойма ретінде қызмет ететін бөлмелер), кіреберіс орналасқан. Екінші қабатта изба, горница, сенек, балкон мен галерея бар. Тұрғын жайлар үш орыс пешімен және голландкамен жылытылған. Пристенде пешпен қатар палати қойылған.
Үйдің жанында қамбашасы бар екі қамба орналастырылған.
Дәулетті қалалық орыс үйі. ХХ ғасыр басы
Қалалық үй «глаголмен», яғни «Г» әрпіне ұқсатып салынған. Қалыңдығы 25 см болатын самырсын бөренелерден тұрғызылған шеген үй. Ойып қиылған. Аралық ойықтарына мүк салынған, бөлмелер ішінен сыланған. Төбесі шатыржалды, табақ темірмен жабылған. Үйде бес тұрғын бөлме мен сенек бар. Бүкіл тұрғын жайлар үш пешпен: екі голландка және орыс пешімен жылытылған. Орыс пешінің ауызғы жағы асүйге шыққан, ол тамақ әзірлеу және ас бөлмені жылыту үшін қызмет еткен.