Оған төбесі күмбез болып бітетін салтанатты кіреберістік орынжай, айваны бар тұрғынжай мен жеке тұрған айван кіреді. Кіреберістік салтанатты орынжайдың порталы – бұл стильдендірілген пештак, оны безендіру үшін мозаикалық декор қолданылған. Сүйір де еңісті келген терезелері шағын қуыстарда орналасқан.
Айвандардың бағаналары сталактитті капительдермен әшекейленген.
Ішкі ауланың ортасында бассейн – дәстүрлі хауыз (сарайлардағы, мешіттердегі, қала алаңдарындағы, бақтардағы), ол сегізқырлы үлгіде болып келеді.
«Әмір сарайы» Орта Азияға тән сәулеттік дәстүрлі бағыттарға сәйкес орындалған. Жалпы көрінісі мен көлемдерінің композициялық ұйымдастырылуы Өзбекстанның тарих және сәулет ескерткіштерінің үлгілеріне негізделген.
Көрме павильоны ретінде пайдаланылады.
Фото Алексея Мазницина
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|