Аю тұқымдастар
Қоңыр аю - Бурый медведь – Ursus arctos
Қазақстан Алтайының таулы-орманды бөлігінде және Сауыр-Тарбағатай тауларында тараған.
Негізінен шөптеc өсімдіктермен, жемістермен, жидектермен, саңырауқұлақтармен қоректенеді. Оқта-текте бұлан мен марал сияқты жабайы жануарларға, сондай-ақ, үй малына да шабуылдап қояды. Сирек жағдайда адам оның құрбаны болып қалады. Омартаға «баруға» құмар.
Ұрғашысы жылына бір рет 1-3 қонжық туады.
Аю өте күшті хайуан. Қыста өзінің апанында ұйқыға кетеді. Хайуанаттар бағында қыс бойы сергек жүреді. Суық кездері тысқа шықпайды.
Әуесқой және кәсіпшілік аңшылық нысанасы болып табылады.
Ит тұқымдастар
Қасқыр – Волк – Сanis Lupus
Шығыс Қазақстанның далаларында, тауларында, шөл далалары мен ормандарында кең тараған.
Өздеріне жемтік іздеп, әсіресе тұяқты жануарлардың ізіне түсіп айтарлықтай қашықтыққа жортады.
Бұғыларды, қояндарды, кеміргіштерді, құстарды аулайды. Өлексе жейді. Үй жануарларына шабуыл жасайды.
Ұрғашысы 2-ден 12 бөлтірікке дейін әкеледі.
Аңшылық-кәсіпшілік маңызы бар.
Мысық тұқымдасы
Тауарыстан - Пума - Puma concolor
Тауарыстан басқа атауларға ие: тау арыстаны, кугуар. Солтүстік және Оңтүстік Америкада мекендейді. Әртүрлі ландшафттарда мекендейді: орман, тау, жартасты шатқалдар. Тауларда оңай жүреді, ағаштарға жақсы өрмелейді, қажет болған жағдайда жүзеді.
Жылдамдығын 65 км/сағ дейін арттырады, 8 м дейінгі ұзындыққа және 5 м дейінгі биіктікке секіреді. Жалғыз өмір сүреді
Негізгі олжасы – әртүрлі тұяқтылардың түрлері, негізінен бұғы.
Ұрғашысы төлін 90 күн бойы көтереді. Салмағы 250-450 гр болатын 1-6 марғауы болады
Табиғатта өмір сүру ұзақтығы – 15 жыл.
Сілеусін – Рысь - Lynx
Қазақстанда Республиканың оңтүстік және шығыс тауларында таралған. Қалың жасыл қылқанды орманда мекендейді. Жалғыз өмір сүреді. Ағаштар мен жартастарға жақсы өрмелейді, қажет болған жағдайда жүзеді. Жақсы көру және есту қабілетіне ие. Ымыртта аң аулауға шығады. Олжасын торуылда аңдып аулайды.
Жылдамдығын 65 км/сағ дейін арттырады. Негізгі олжасы – қоян, суыр, қара торғай, елік, тау ешкісі және т.б.
Ұрғашысы төлін 65-70 күн көтереді.
Салмағы 250-300 гр болатын 2-3 марғауы болады, олар сәуір-мамыр айларында туа бастайды.
Табиғатта өмір сүру ұзақтығы – 15 жыл.
Сервал - Сервал - Leptailurus serval
Африка аумағын мекендейді. Ашық жерлерде бұталы және шөпті таулы жерді мекендейді. Жалғыз өмір сүреді.
Ымыртта аң аулайды. Жылдамдығын 80 км/сағ дейін арттырады 3 м дейінгі ұзындыққа және 4 м дейінгі биіктікке секіреді.
Негізгі олжасы – кеміргіш, кесіртке, кішкентай бөкен, құстар.
Ұрғашысы төлін 65-70 күн көтереді. Салмағы 250 г болатын 2-3 марғауы болады
Табиғатта өмір сүру ұзақтығы – 10 жыл
Тұқымдасы: Куньилер
Тайра – Тайра - Eira barbara
Тұрқының ұзындығы: 60-70 см. Салмағы: 5 келі. Орталық және Оңтүстік Америкада таралған. Тропикалық ормандарда өмір сүреді.
Тәуліктің кез келген уақытында белсенді. Жақсы секіреді және ағаштарға жақсы өрмелейді. Қажет болса, жүзеді.
Кеміргіштермен, құстармен, омыртқасыздармен қоректенеді. Жемісті ұнатады.
Инкубациялық кезеңі 65-70 күнге созылады. Дүниеге салмағы 100 г болатын бір немесе екі ұрпақ әкеледі.
Табиғаттағы өмір сүру ұзақтығы – 10 жыл.
Бұлғын - Соболь - Martes zibellina
Оңтүстік Алтайда таралған. Қылқан жапырақты ормандарда тұрады. Жасырын өмір сүреді. Ұясын ағаш қуыстарына орналастырады. Секіріп қозғалады, ағаштарға жақсы шығады. Есту және иіс сезу қабілеті жақсы дамыған.
Ол кеміргіштермен, құстармен, сондай-ақ қарағай жаңғағымен және жидекпен қоректенеді.
3-6 төл басып шығарады. Ұрғашысы 9-10 айдан соң балалайды.
Өмір сүру ұзақтығы 15-18 жыл.
< Осының алдындағы |
---|