• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
солжағалық кешен хайуанаттар бағы хайуанаттар бағы туралы мақалалар Хайуанаттар жабайы табиғатқа жіберілді. 2019

Хайуанаттар жабайы табиғатқа жіберілді. 2019

Музей-қорығы зообақтағы маралдар мен бұғыларды жабайы табиғатқа шығарды.  Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының орман және аңшылық шаруашылықты басқарудың жедел тобы мамандарының айтуынша, бұл Шығыс Қазақстан фаунасындағы  хайуанаттар  санының реттелуіне ықпал етеді.

16 сәуір күні  арнайы көлікке тиелген төрт марал мен үш теңбіл бұғы  Сібе  көлдерінің маңына еркіндікке  жіберілді. Зообақтың осы шарасын атқаруға  жедел әрекет ету тобы көмектесті. Бөлім бастығының орынбасары Василий Ткаченко түсіндіргендей, Сібе  көлі маңайындағы аумақ кездейсоқ таңдалмаған. Ол аймақта аң аулауға рұқсат етілмегендіктен,  хайуанаттар өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.  Бұл жерлерде жақсы жем-шөп базасы бар, Василий Ильичтің айтуынша, жақын маңдағы шаруа қожалықтарының басшыларымен келісілгендей қажет болған жағдайда зообақ төлдері тамақтанатын болады.  Хайуанаттар бағында 9 бұғы мен 7 марал қалды. Фауна бөлімі  жазғы маусымға дайындалуда. Құстар біртіндеп қысқы мекендерінен босатылса, қазір мұнда жазды тек жылусүйгіш тотықұстар мен шымшықтар күтуде.  Хайуанаттар бағының аумағында күн сайын көбейіп келе жатқан келушілердің қуанышына қарай, тауыстар құйрықтарын тарқатса, түйеқұстар көкке жайылып, қоқиқаздар қызғылт түсті қанаттарымен кербезденген. Музей-қорықтағы зообақта  хайуанаттар мен құстар үшін барлық қажетті жағдайлар жасалады.

 

Музей-қорықтың баспасөз қызметі

Суретті түсірген Алексей Мазницын

 

 
 
 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …