Туған күніңмен, Тәуелсіз Қазақстан! 2019
 
Музей-қорықтың барлық бөлімі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне дайындық жұмысына кіріскен. Халықтар этнографиясы және аз санды этнотоптар бөлімі 2019 жылдың 13 желтоқсаны күні №10 мектеп-гимназияның оқушылары үшін «Туған күніңмен, Тәуелсіз Қазақстан!» атты сыныптан тыс музейлік іс-шара өткізді. Бөлім меңгерушісі Татьяна Свахинаның сөзіне қарағанда, оқушылар тек өз мемлекетінің тарихын ғана біліп қоймай, мемлекеттің атаулы күндерінің маңызын да түйсініп, тапсырылған белгілі бір тақырып бойынша әңгімелесу мен монолог жүргізуге де үйренуі, сондай-ақ, постер мен коллаждарды безендіру арқылы өздерінің дағдылары мен мүмкіндіктерін көрсете білуге дағдылануы керек. Оқушылар екі топқа бөлініп, әр топ жетекші қойған сауалдарға жауап берді. Іс-шараны ұйымдастырушылар балалардың көңілін аулай отырып, ойын элементтерін қолданды. Жүргізуші аталған кездесуді қорытындылай келе ғаламшарда өмір сүретін әрбір адам өзінің Отанына, халқы мен еліне және жері мен тарихына деген асқақ сезімді бастан кешетінін айтты. Бүгінгі күні біздерге өткенімізді ұмытпауымыз, бүгінгімізді танып-білуіміз, сөйтіп, жарқын болашағымызды жасауымыз керек. Ал біздің ортақ міндетіміз – бір шаңырақ астындағы ортақ үйімізде бірлік пен келісім және бейбітшілік орнығуына бар күшімізді жұмсау.
Адамдар үшін Отаннан қастерлі ештеңе жоқ. 2019
 Ақын Владимир Фирсовтың: «Бәрі де өтеді. Ал Отанның өзгермейтіні ақиқат. Онымен бірге өмір сүреді, оны сүйеді, қамығады, қуанады және Отан үшін жығылып, қайта биікке самғайды. Дауыл артынан кемпірқосақ салтанат құрады, ал бейнет соңынан өмір салтанат құрады!» деген жолдары Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шараға өзіндік бір негіз болған сияқты. Кездесуді 2019 жылдың 11-12 желтоқсан күндері ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімінің қызметкерлері «Бриг» атты жекеменшік бизнес-мектебінің оқушыларымен өткізді.
Фильмдер – оқу барысына жақсы демеу болады. 2019
 Ақпараттық-ағарту бөлімі жазушы, қоғам және саясат қайраткер Әбіш Кекілбаев туралы (1939-2015) фильмдер көрсетуді бастады. 11 желтоқсан күні бөлім меңгерушісі Шынар Кәрібаева Өскемен қалалық әкімдігіне қарасты «Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей» КММ-нің оқушыларына аталған жазушының 80 жылдығына орай шығарылған «Самғау» және «Әбіш Кекілбаев» атты фильмдерді ұсынды. Бұл фильмдер бірін-бірі толықтырып тұр. Оның біреуінде Әбіш Кекілбаевтың өмір жолы мен туған жерімен байланысы туралы сөз сапталса, екіншісінде жазушы, филолог, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің және Л. Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетінің Құрметті профессорының шығармашылық жолы жайлы әңгімеленеді.
Менің Отаным – менің Тәуелсіз Қазақстаным. 2019
 
2019 жылдың 11 желтоқсаны күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында музей-қорықтың ақпараттық-ағарту бөлімінің қызметкерлері А.А. Григорьева мен О.М. Байғонысова «Менің Отаным – менің Тәуелсіз Қазақстаным» атты виртуалды дәріс-әңгіме өткізді. Іс-шараға Өскемен қаласындағы №4 орта мектептің 3 сынып оқушылары қатысты. Барлығы 30 адам.
Балалар дәріс барысында мемлекетіміздің қалыптасу кезеңіндегі басты оқиғаларды, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың осынау тарихи маңызды үдеріс жылдарында сіңірген еңбегін кеңінен танып-білді. Онда сонымен қатар еліміздің тамылжыған табиғаты, табиғат сұлулығының қазақстандық суретшілердің еңбектері арқылы қалай суреттелгені, оларға тұмса табиғат қалайша шабыт бергені және суретшілерлің олар арқылы туған жерге деген махаббаттарын жеткізу сырларымен танысты. «Қазақстан Республикасының картасы», «Еліміздің рәміздері», «Мақал-мәтелдерді жинақта», «Картинаның атын ата» сынды конкурстар өткізілді. Дәріс барысында қалалар мен еліміздің табиғаты жайлы баяндайтын бейнекөріністер көрсетілді.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі.
Суретті түсірген Сергей Суров.
Қысқы маусымның ашылуы. 2019
 2019 жылдың 15 желтоқсанында, жексенбі күні музей-қорықтың Солжағалық кешенінде қысқы маусым ашылады. Ол салтанатты жағдайда өтеді. Қазір кешен аумағында мұз айдыны жасалған, ал Халифа Алтай мешіті жағынан кіретін тұсында балалар спорт мектебінің сырғанаушылары өнер көрсетеді. Музей-қорықтың қазақ этнографиясы бөлімі ойын-конкурстық бағдарлама аясында арқан тарту және ептілер байқауын өткізеді. Ал орыс этнографиясы бөлімінің қызметкерлері көрермендер ортасында сырнай сазымен хоровод шырқамақ. Мерекелік бағдарламаға «Бастеньки» фольклорлық ансамблі қатысады. Жас келушілерді де небір көңілді шаралар күтуде. Олар үшін «Достар ортасында» атты театрландырылған қойылым ұйымдастырылады. Ал «Шамаң жетсе, қуып жет» атты эстафетаға салтанатқа жиналған кез келген адам қатыса алады.
Әбіш Кекілбаев туралы фильмдер. 2019
 Музей-қорық қызметкерлеріне жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығы туралы баяндайтын «Самғау» атты деректі фильм көрсетілді. Әбіш Кекілбайұлы Кекілбаев (1939-2015) - қазақстандық қоғам және саяси қайраткер, Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, филолог, әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің және Л. Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетінің Құрметті профессоры.
Уақыт – барлық оқиғаның өлшемі... 2019
 
9 желтоқсан күні сәндік-қолданбалы өнер бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Жадыра Рахатова №20 орта мектептің оқушыларына Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орайластырылған «Қазақстандық ұлы жол» атты дәріс оқыды. Онда тәуелсіз республиканың қалыптасуы мен Қазақстанның жарқын жолы жайлы әңгіме өрбіді.
Өткеннің тереңінен... 2019
 
Бос уақытыңызды ұлы ата-әжелеріңіз бен ата-апаларыңыз сияқты өткізгенді қалайсыз ба? Музей-қорықта қысқы кеш өтіп жатқан кезде келіңіздер. Музей-қорықтың орыс этнографиясы бөлімінің меңгерушісі Александр Яковлев: «Бұл кезіндегідей клубтар, би кештері көп болмаған кеш. – Осындай кештерде кездесіп, танысып, билеген. Біз орыс мәдениетіне қызығушылық танытатындардың бәріне дәл сол кезде билегендей ежелгі билерді де, сол кезде ойнаған ойындарды да үйретеміз», - дейді.
Экскурсия по культовым объектам - познание истории. 2019
 
Халифа Алтай мешітіндегі ислам мәдениеті музейінде қандай жәдігерлер сақталады? Өскеменнің көне шіркеулерінің бірі Стрелка ықшам ауданындағы Қасиетті Троицк храмы қай кезде тұрғызылған? Рим-Католик шіркеуіне Қасиетті Розарияның Қасиет қонған Дева Мариясының келуінің ерекшелігі неде? 2019 жылдың 5 желтоқсаны күні Өскемен қаласындағы №30 орта мектептің 8 сынып оқушылары олар туралы музей-қорықтың халықтар этнографиясы және аз санды этнотоптар бөлімінің меңгерушісі Татьяна Свахинаның ғибадат ететін нысандарға экскурсия барысында айтқан әңгімесінен естіп-білді. «Біздің қалада әлемнің басты үш дінінің ғибадат ету нысандары бар, - дейді Татьяна Евгеньевна, - біз көшпелі экскурсияларға қатысушыларды олармен үнемі кеңінен таныстырамыз. Бұл жолы оларды әр жерлерде: мешітте мешіт қызметкері Руслан Қанферов, Андреев соборында иеромонах Силуан (Могилев) және Рим католик шіркеуінің кіреберісінде о. Серафим мен Франческа әпке қарсы алды».
Орыс сүлгісі Алтай қаласындағы көрмеде. 2019
 2019 жылдың 28 қарашасы күні Алтай қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Алтай ауданы орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің өлкетану залында «Алтайдың орыс сүлгілері» атты көшпелі көрме ашылды. Оны ұйымдастырушылар – музей-қорықтың орыс этнографиясы бөлімінің қызметкерлері. Қөрмеде музей-қорық қорынан алынған жәдігерлер қойылды, оның ішінде орыстың 50 дәстүрлі орамалы бар. Олардағы өрнектердің саналуандығы таңдай қақтырады. Орыс этнографиясы бөлімінің меңгерушісі Александр Яковлевтің айтуына қарағанда, сүлгілердегі өрнектер мейірімділік күші мен амандық сыйлап, адамды жамандықтардан қорғайтын болған. ХІХ ғасырдың екінші жартысында қалалық сән үрдісінің әсерінен шаруа кестесінде айқаспа техникасында орындалған жұмыстар кеңінен тарайды. Біздің аймақтағы өрнектердің негізгі түрлері – мәңгілік қозғалыс символы болып саналатын свастика мен ромб. Көрмеде орын тепкен сүлгілердегі ескілікті өрнектер арасында «сабынды өрнектер» делініп кеткендері де бар. Олар «Товарищество Брокар и Ко» атты фирма шығаратын дәретхана қағазының орамаларынан көшіріліп алынған. Ресей жерінде ХХ ғасырдың басында танымал болған бұл фирма жарнама мақсатында сүлгілерде кеңінен пайдаланылатын сабынға арналған орамалардың орыс мәнеріндегі айқаспа кестесінің схемасын басатын болған.
Менің елімнің Тұңғыш Президенті. 2019
 
Музей-қорықтың әртүрлі бөлімдері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін қарсы алу жөніндегі өз бағдарламаларын дайындады. 29 қараша күні ақпараттық-ағартушылық бөлімінің меңгерушісі Шынар Кәрібаева мен осы бөлімнің маманы Анастасия Григорьева ШҚО білім басқармасы жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілері үшін «Менің елімнің Тұңғыш Президенті» тақырыбында виртуалды дәріс өткізді. Балалар Ұлт Көшбасшысының өмірі мен қайраткерлігі жайлы әңгіме тыңдады. Іс-шарада «Мемлекет басшысы» атты деректі фильмнен үзінділер көрсетілді.
Н.Ә. Назарбаев – Ұлт Көшбасшысы. 2019
 
Тұңғыш Президент күні облыстық драма театрында салтанатты түрде аталып өтті. Мерекеге әртүрлі мемлекеттік құрылымдардың қызметкерлері, діни және қоғамдық бірлестіктердің, мәдениет және білім саласының өкілдері мен студенттер қатысты. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов жиналғандарды келе жатқан мемлекеттік мерекемен құттықтады.
Театр фойесінде орын тепкен «Н.Ә. Назарбаев – Ұлт Көшбасшысы», «Н.А. Назарбаев – Лидер Нации» атты көрме мерекеге ерекше рең берді. Оны музей-қорықтың көрме-экспозициялық бөлімінің қызметкерлері дайындады. 1991 жылы 1 желтоқсанда ҚР-ның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алғашқы жалпыхалықтық сайлауда жеңіске жеткен еді. 2012 жылдан бері бұл күн мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіледі. «Қазіргі заман ақиқатында, - делінген көрменің аннотациясында, - мемлекеттің ерекше мәртебесі, көбінесе оның көшбасшысының тұлғасы арқылы айқындалады және ол бүкіл қалыптасу кезеңінде елдің даму бағытын айқындайды. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының тұрақты Көшбасшысы. Еліміз оның басшылығымен бұрын-соңды жетпеген биіктерге қол жеткізіп, әлем таныған елге айналды».
|
|