Қазақ этнографиясы бөлімінің қызметкерлері Достық Үйінің қазақ этномәдени бірлестігімен және қалалық АХАЖ қызметкерлерімен бірлесіп өткізетін «Қазақ ұлттық үйлену тойында атқарылатын салттар» атты көрсетілімдік іс-шара.
Мақсат: қазақ ұлттық дәстүрлерін танымал ету
Шақырылғандар: «Ақниет» и «Зерде» ансамбльдері
Бағдарламада: қазақтардың «Беташар» салты. Бұл салтқа осы күні некесі қиылатын жігіт пен қыз қатысады. Жастардың барлық туыстары – іс-шараға атсалысады (Мұражай-қорықтың Солжағалық этнографиялық кешені, №№ 60, 26, 24, 53, 54, 55, 224, 250, 260, 262 автобустарының «Мешіт» аялдамасы)