2012 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан Республикасында алғашқы рет Тұңғыш Президент Күні тойланады. Бұл мемлекеттік мереке жаңа тәуелсіз елдің негізін қалаушы – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің көрнекті қызметін мойындау ретінде бекітілген. Қазақстанның мемлекеттік құрылысы тәжірибесінде президент институты алғашқы рет шекара мен аумақтар бірлігі, Конституция, адам мен азаматтың құқығы және бостандығы қорғалуының кепіліне айналды.
1991 жылдың 1 желтоқсанында жалпыхалықтық президенттік сайлау өткізілгеннен бастап Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен ауқымды экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар жүргізілді. Қазақстандық мемлекеттіліктің негізін қалаушы Тұңғыш Президент барлық қазақстандықтардың мойындауы мен халықаралық қоғамдастықтың құрметіне ие болған жаһандық бастамалардың авторы болып табылады. Нұрсұлтан Назарбаевтың бойында ерекше күш-жігер мен өз халқы алдындағы жауапкершіліктің туа біткен сезімі бар. Тәуелсіздік және Назарбаев – Қазақстанның жаңа тарихындағы ажырамас түсінік.
Көрмеге президент институты қалыптасуының негізгі кезеңдерін, Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатын ашып көрсететін фотокуәгерлер, Тұңғыш Президентке берілген сыйлықтар мен оның жеке заттары қойылған.
< Предыдущая | Следующая > |
---|