• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
көрмелер республикалық Нағыз ердің қаруы. 2014

Нағыз ердің қаруы. 2014

Фото Виктора КоржаФото Виктора Коржа

«Димекең – өз заманының перзенті болған ұлы тұлға. Қонаев есімі Қазақстан халқымен бірге жасары анық, ақиқат. Ол кісі бәрімізге ұстаз болған ұлы адам».

Н.Ә. Назарбаев

Нағыз ердің қаруы» атты көрме Алматы қаласының ШҚО-дағы мәдениет күндері аясында ұйымдастырылды.  Көрмеге Д.А. Қонаев мұражайынан әкелінген суық және оқ қарулар коллекциясы қойылған: кездіктер, қанжарлар, пышақтар, қылыштар, аңшы карабиндері, мылтықтар және басқалары.

«Д.А. Қонаев мұражайы» Дінмұхамед Ахмедұлы Қонаевтың есімін мәңгі есте сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің қаулысы бойынша 2002 жылдың қаңтар айында Алматы қаласында ашылды. Мұражай экспозициясын 3000 астам жәдігерлер құрайды: құжаттар, фото- және бейнематериалдар, портреттер, тұрмыстық бұйымдар, Д.А. Қонаевтың жеке заттары. Мұражайдың негізгі мақсаты – жинау, зерттеу, Д.А. Қонаев мұрасын сақтау, сондай-ақ мәдени-ағарту жұмысы.

Аса көрнекті мемлекеттік және қоғамдық-саяси қайраткердің, дипломаттың, академик, үш рет Социалистік Еңбек Ерінің есімі Қазақстанға және оның тысқары елдеріне де кеңінен танымал. Д.А. Қонаев шамамен 45 жыл біздің мемлекетіміздің мемлекеттік және саяси билігінің шыңында болды. Ол Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына орасан зор үлес қосты. Д.А. Қонаевтың басшылығымен елімізде ондаған қалалар салынды, алып зауыттар тұрғызылды және тың жерлер көтерілді. Д.А. Қонаев Қазақстанда білімді, мәдениет, спорт және туризмді дамытуға үлкен көңіл бөлді. Оның бастамасымен Алматы қаласының бетке ұстар жерлеріне айналған көптеген сәулеттік үздік туындылар тұрғызылды («Медеу» спорт кешені, оқушылар Сарайы, Республика Сарайы, мәдениет және спорт Сарайы, Ұлттық кітапхана, қонақ үй кешендерінің қатары).

2012 жылдың қаңтарында Дінмұхамед Ахмедұлының туғанына 100-жыл толуына орай «Д.А. Қонаевтың мемориалдық пәтер-мұражайы» ашылды, ол жерде ол 1967 жылдан бастап 1993 жылдар аралығында жұбайы Зухра Шәріпқызы Қонаевамен тұрған.  Мұражайдың ерекше құндылығы мемориалдық пәтердің ішкі көрінісінің түпнұсқалығы мен толықтығында жатыр. Көрмеге қойылған материалдар Дінмұхамед Ахмедұлының сондай сыпайы және қарапайым адам болғандығын, ол қалай өмір сүріп, демалғандығын көрсетеді. Д.А. Қонаев, көптеген басшылар сияқты аңшылықпен айналысатын және қарулар коллекциясын жинайтын. Коллекцияның бір бөлігі – атақты мемлекеттік және қоғам қайраткерлерінің сыйлықтары: Л.И. Брежневтың (1968), Иосип Броз Титоның (1972), Н.Ә. Назарбаевтың (1982), Фидель Кастроның (1982), Эрих Хонеккердің (1983) және тағы басқалары.

«Д.А. Қонаев мұражайы» - бұл Тарихты Жасаушылардың бірімен кездесу орны. Ал бұл, осы сияқты мұражайлар өткеннің оқиғаларын қайта өркендетіп, келуші мен тарих арасындағы байланысты орнатудың арқасында болып жатыр.

Фото Виктора Коржа

Фото Виктора КоржаФото Виктора КоржаФото Виктора КоржаФото Виктора КоржаФото Виктора КоржаФото Виктора КоржаФото Виктора КоржаФото Виктора КоржаФото Виктора КоржаФото Виктора КоржаФото Виктора КоржаФото Виктора КоржаФото Виктора КоржаФото Виктора КоржаФото Виктора КоржаФото Виктора КоржаФото Виктора КоржаФото Виктора КоржаФото Виктора Коржа

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …