2020 жылдың 27 сәуірі мен 3 мамыры аралығында Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығы Қазақстан халқының бірлігі күніне арнап «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» атты он-лайн этновикторина өткізді. Бір қуанарлығы сол, аталған викторинаға шығысқазақстандықтар ғана емес, Қазақстанның басқа өңірлерінің де тұрғындары атсалысты. Викторинаға жиыны 45 адам қатысты.