• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
қонақтар, делегациялар
қонақтар, делегациялар

Сабантой. 2014

Выступление заместителя акима области Ж.ОмараВручение благодарственного письма Кумаровой Б.М от Ассоциации татарских и татаро-башкирских общественных и культурных центров Казахстана2014 жылғы 4 маусымда мұражай-қорықтың Солжағалық кешенінде татар халық мейрамы «Сабантой» болды. Мейрамға қатысқандар: Өскемен қаласындағы Ресей Елшілігінің бас консулы С.В. Анненков мырза, облыс әкімінің орынбасары Ж. Омар, ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Л.Б. Шик, Қазақстан халқы Ассамблеясының атқарушы хатшылығының меңгерушісі Е.М. Аязбаев, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, қала және облыс Ардагерлер кеңесінің төрағалары, сонымен қатар мерекелік іс-шараға Семей қаласының және Шемонайха ауданының этномәдени бірлестіктерінің өкілдері де қатысты.

 

Фотожурналистиканың бүкілдүниежүзілік «World Press Photo-2013» конкурсының жеңімпаздары көрмесінің ашылуы

ВЫСТАВКА ПОБЕДИТЕЛЕЙ ВСЕМИРНОГО КОНКУРСА  ФОТОЖУРНАЛИСТИКИ WORLD PRESS PHOTO 2013 В УСТЬ-КАМЕНОГОРСКЕВЫСТАВКА ПОБЕДИТЕЛЕЙ ВСЕМИРНОГО КОНКУРСА  ФОТОЖУРНАЛИСТИКИ WORLD PRESS PHOTO 2013 В УСТЬ-КАМЕНОГОРСКЕ

Катрин Ивкофф – Қазақстан Республикасындағы Канада елшілігі істері бойынша уақытша сенімді өкіл, Олег Козырев – Астанадағы ЕҚЫҰ құқықтық мәселелер жөніндегі Орталығының ұлттық үйлестірушісі, Лауренс Кортевех -  «World Press Photo» көрмелік жобаларының жетекшісі (Нидерланды) 2014 жылғы 30 қаңтарда мұражай-қорыққа ат басын тіреді.

Сапар мақсаты – Өскемен қаласында «World Press Photo-2013» көрмесін ашу. Бірегей саяхатшы көрме фотожурналистиканың әлемдегі ең беделді конкурсының 150-ге таяу жеңімпаз жұмыстарын назарға ұсынды. «World Press Photo» көрмелік жобаларының жетекшісі Лауренс Кортевех Амстердам – Киев –Алматы – Өскемен рейсі арқылы әуе лайнерімен ұшып келді.

 

Ресей Федерациясындағы Алтай өлкесі делегациясының мұражай-қорықтың Солжағалық кешенінде болуы. 2013. 2013

Фото Виктора КоржаФото Виктора Коржа

Алтай өлкесінің әкімшілігі мен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық туралы келісімді жүзеге асыру аясында 2013 жылғы 25 қазанда Ресей Федерациясындағы Алтай өлкесінің губернатор Александр Карлин бастаған делегациясы мұражай-қорықтың Солжағалық кешенінде болып қайтты. Қонақтар мұражай-қорықтың Солжағалық этнографилық кешенін құру және қызмет ету тәжірибесімен танысты.

 

Қазақстан ауыл жастарының Бірінші халықаралық Конгрессі өтті. 2013

Фото Виктора КоржаФото Виктора Коржа2013 жылғы 14 қазанда мұражай-қорықтың Солжағалық кешенінде Қазақстан ауыл жастарының Бірінші халықаралық Конгрессі өтті. Оған Белорусия, Түркия, Ресей, Вьетнам, Қытай, Корей елдерінің өкілдері қатысты. Конгресс жұмысына ҚР қаржы министрі Болат Жамишев, ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков, білім және ғылым вице-министрі Мұрат Әбенов қатысты.

 

Қазақстан Республикасындағы Қытай Халық Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Чжоу Ли мұражай-қорықта болып қайтты

Чрезвычайный и Полномочный посол Китайской Народной Республики  в Республике Казахстан Чжоу Ли посетил музей-заповедникЧжоу Ли посетил музей-заповедник, познакомился с экспозицией «Мы – народ Казахстана» в здании по улице К.Кайсенова

Қазақстан Республикасындағы Қытай Халық Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Чжоу Ли  мұражай-қорықта болып қайтты

Сондай-ақ елші Қазақстан Республикасындағы Қытай Халық Республикасы елшілігінің көмегімен мұражай-қорық ұйымдастырған «Мәдениет қанатында» көрмесінің салтанатты түрде ашылуына қатысты.

 

Стажировка в музее-заповеднике. 2013

2013 жылғы 20-22 мамырда Қостанай облыстық И.Алтынсарин атындағы мемориалдық мұражайдың қызметкерлері: ғылыми-ағарту бөлімінің меңгерушісі Алтыншаш Қайжанқызы Айтмұханбетова, ғылыми қызметкер Балдырған Аяжанқызы Айғожинова біздің мұражай-қорықта тағлымдамадан өтті.

Бұл қызметкерлер қазақ этнографиясы, ғылыми-ағарту жұмысы, қор, ақпараттық-білім бөлімдерінің жұмысымен танысып, Солжағалық кешенде, «Жастар» этнобағының ашық аспан астындағы экспозициясында, Балалар қалашығында болды.

 

Үнді мәдениеті күндері. 2012

Мұражай-қорық, «Lakshmi» ведилік мәдениет орталығы Өскемен қаласы әкімдігінің қолдауымен «Жастар» этнобағында  2012 жылғы 30 тамызда ҚР Конституциясы күнін мерекелеу аясында үнді мәдениеті фестивалін өткізді.

Фестивальге Үндістан Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшісі Ашока Кумар Шарма мен Елшіліктің бірінші хатшысы, Үнді мәдени орталығының директоры Винод Кумар қатысты.

 

22 тамызда жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед және Өскемен қаласындағы жаңа мешіттің ашылуына басқа елдерден келген қонақтар мұражай-қорықтың Солжағалық кешеніне келді. 2012

22 тамызда жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед және Өскемен қаласындағы жаңа мешіттің ашылуына басқа елдерден келген қонақтар мұражай-қорықтың Солжағалық кешеніне келді.

 

ІІІ Халықаралық «Ашық Азия – Ашық Мұражай» фестивалі 2012

Участники III фестиваля «Открытая Азия - Открытый Музей»Открытие III фестиваля «Открытая Азия - Открытый Музей». 23.05.2012 г. Слева направо: Плетникова Лариса (Казахстан, Караганда), искусствовед, директор Центра современной культуры Дешт-и-Арт/ОО «Лаборатория общественного развития»; Аязбаев Еркембек Мукатаевич - секретарь Ассамблеи народа Восточного Казахстана; Зайцев Н.А.  - директор Восточно-Казахстанского областного архитектурно-этнографического и природно-ландшафтного музея-заповедника;  Сафарова Гульдана (Казахстан, Караганда), искусствовед, заместитель директора Дешт-и-Арт Центра/ОО «Лаборатория общественного развития»; Омар Жаксылык Мукашевич – начальник управления культуры Восточно-Казахстанской области2012 жылғы 22-25 мамырда - Нидерландтың дамушы елдермен ынтымақтастық жасау жөніндегі гуманитарлық институтының (HIVOS) қолдауымен «Дешт-и-Арт» заманауи мәдениет орталығы (Қазақстан, Қарағанды), ШҚО мәдениет басқармасы, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығы «Ашық Азия — Ашық Мұражай» атты  III фестиваль өткізді (Өскемен қаласы).

 

«Бір шаңырақ астында» достық форумы 2012

Форум дружбы «Под единым шаныраком» - совместное  мероприятие музея-заповедника,  девяти Домов дружбы области, управлением внутренней политики ВКО.Форум дружбы «Под единым шаныраком» - совместное  мероприятие музея-заповедника,  девяти Домов дружбы области, управлением внутренней политики ВКО.

2012 жылғы 29 сәуірде Солжағалық кешен аумағында мұражай-қорықтың, облыстағы тоғыз Достық үйінің, ШҚО ішкі саясат басқармасының бірлескен іс-шарасы болып табылатын «Бір шаңырақ астында» атты достық форумы өтті.

Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысының әкімі Б.М.Сапарбаев, этномәдени бірлестіктерінің басшылары мен мүшелері қатысты.

 

ОАР елшісінің мұражай-қорықта болуы. 2012

2012 жылғы 26-27 наурызда Оңтүстік Африка Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Шириш М.Сони мұражай-қорықта және оның Солжағалық кешенінде болып қайтты.

Оңтүстік Африка Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Шириш М.Сони мұражай-қорықтың «Шығыс Қазақстан қазақтарының этнографиялық мұрасы» атты экспозицияда болуы. 2012 жылғы 27 наурыз.



 

 

 

 

Украинаның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі О.А.Демин мен оның жұбайы мұражай-қорықта және оның Солжағалық кешенінде болып қайтты. 2012

Украинаның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Олег Алексеевич Демин жұбайымен бірге Шығыс Қазақстанға танысу сапарымен келген кезінде  этнографиялық мұражай-қорықтың Қ.Қайсенов және М.Горький көшелерінде орналасқан көрме залдары мен Солжағалық этнографиялық кешенінде 2012 жылғы 13 наурызда болып қайтты.

 

Жаңалықтар *ҚР Мәдениет министрлігінің жауапты хатшысы Ж. Д. Құрманғалиеваның мұражай-қорықтың Солжағалық кешенінде болуы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Жолдауының стратегиясын түсіндіру жөніндегі республикалық ақпараттық-насихаттық жұмыс аясында 2011 жылғы 30 қазанда мұражай-қорықтың Солжағалық кешенінде ҚР Мәдениет министрлігінің жауапты хатшысы Жанна Дулатқызы Құрманғалиева болып қайтты.


 


JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …