2019 жылғы 30 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын жоғары ұйымдастырушылық және мазмұндық деңгейде мерекелеу туралы Жарлыққа қол қойды.
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына дайындық және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды. 2020 жылғы 9 қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы жарияланды.2020 жылғы 21 қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ұлы ойшыл, ғұлама ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойының басталуына арналған салтанатты шара өтті.Ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған музейлік іс-шаралар туралы ақпаратты төмендегі сілтемеден оқи аласыздар.
Абайды жырлаймыз.
Оқушылар Абай өлеңдерін оқыды.
Ұрпақтар біледі, халықты құрметтейді …
Музей-қорықта Абай Құнанбайұлы туралы телебағдарлама түсірілді!
Ұрпақтар біледі, халықты құрметтейді …
Музей-қорықта Абайдың 175 жылдығын мерекелеу бастау алды.
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|