Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы * Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник

  • Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары





Культура ВКО >> Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник

Қош келдіңіздер!


«Күн дидарлы Наурыз нақыштары». 2022

2022 жылғы 14-23 наурыз аралығында «Император» сауда кешенінде музей-қорықтың қазақ этнографиясы бөлімінің қызметкерлері «Күн дидарлы Наурыз нақыштары» атты көшпелі көрме ұйымдастыруда. Көрмеде ежелгі және қазіргі заманғы қазақ сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің бұйымдары, қазақ киіз үйінің ішкі мүкамалдары ұсынылды. Көрме әр түрлі жастағы келушілердің қызығушылығын тудыратыны сөзсіз.

 

«Наурыз –көктем әуені!». 2022

Наурыз – көктеммен бірге келетін, мыңдаған жылдардан бері атап өтіліп келе жатқан мереке. Ол Шығыс халықтарында жыл басы болып саналады және табиғаттың жаңаруын бейнелейді.

ШҚО музей-қорығының ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімі 2022 жылдың 14 – 18 наурыз күндері  қала мектептерінің бастауыш сынып оқушылары үшін Наурызға арналған театрландырылған-танымдық бағдарлама өткізеді. Іс-шараның басты кейіпкерлері киіз үй иесі, оның қызы Наурызгүл, Отжүз-кемпір мерекенің дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы айтып, киіз үйдің мүкәмалдарымен таныстырады, балалармен қазақтың халықтық ойындарын ойнайды.

 

Кең ауқымды Масленица, біз сені мақтан етеміз! 2022

2022 жылдың 22 ақпанынан 6 наурызына дейін ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімі «Кең ауқымды Масленица, біз сені мақтан етеміз!» атты театрландырылған танымдық бағдарлама өткізуде. Іс-шараға қатысушылар – қала мектептерінің бастауыш сынып оқушылары орыстың халықтық Масленица мерекесінің дәстүрлерімен танысады. Театрландыру үдерісінде басты кейіпкерлер: үй иесі әйел, көгілдір көктем және қыс үшеуі бірлесіп, көңілді ойындар өткізеді, жұмбақтар жасырады, мерекенің әрбір күнінің мәні туралы әңгімелейді. Ертеңгіліктің соңғы сәтінің сәнін тәтті құймақ келтіреді. Іс-шарада музей қорынан алынған жәдігерлер қолданылуда.

 

1 наурызда Қазақстанда Алғыс айту күні аталып өтіледі. 2022

1 наурызда Қазақстанда Алғыс айту күні аталып өтіледі. Бұл мерекені атап өте отырып, Қазақстан қиын кезеңдерде миллиондаған жер аударылған адамдарды қабылдаған қонақжай мемлекет ретінде ашыла түседі. Музей-қорық облыстық «Qazaq eline myn tagzym!» атты форум аясында  Достық үйінің 30 жылдығы мен Алғыс айту күніне орайластырылған «ШҚО халқының этнографиялық мұрасы» атты көшпелі көрме өткізді. Ғылыми бөлімдердің қызметкерлері Достық үйінің фойесінде музей-қорық қорындағы жәдігерлердіжайып салды және форумға қатысушылар мен қонақтарға Шығыс Қазақстан халқының материалдық мәдениеті, атап айтқанда, олардың ұлттық киімдері мен тұрмыстық заттары туралы айтып берді.

 

Маусым ашылды! Мұзайдындарына келіңіз! 2021

28 желтоқсанда Самал саябағында және Солжағалық кешен аумағында қысқы маусымның салтанатты ашылуы өтті.  Негізінен қала тұрғындары мен қонақтары мұзайдындары мен мұз төбешіктерінің ашылуына шақырылды. Самал саябағында шаңғы жолы да жасалған.

Қала әкімі Жақсылық Омар қатысқан қысқы маусымның ашылуы бойынша негізгі салтанаттар Солжағалық кешенде өтті. Мұзайдынында «Звездный» мәнерлеп сырғанау клубының мәнерлеп сырғанаушылары Маргарита Мирошниченко мен София Мұхамедкаирова өнер көрсетті. Музей-қорықтың қазақ этнографиясы бөлімінің қызметкері Жанбота Шерікбайдың орындауында жерлес ақын Қалқаман Сариннің поэтикалық шығармалары шырқалды. Ал орыс этнографиясы бөлімінің меңгерушісі Александр Яковлев пен бөлім қызметкері Марина Солонец Аяз Ата мен Ақшақардың рөлдерінде атқа жегілген күймемен келіп барлық келушілердің алдында керемет өнер көрсетті. Ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімінің әдіскері Ольга Савельеваның қатысуымен балаларға арналған ойын бағдарламасы да салтанатты түрде өтті. Ол үнемі өз бейнелерімен айналасындағыларды қуантады. Бұл жолы Ольга Михайловна күлкілі гном бейнесінде болды.

 

Қысқы маусым ашылады! 2021

Шығыс Қазақстан музей-қорығы Самал саябағында және Солжағалық кешеннің аумағында конькимен сырғанауды ұнататындар үшін қысқы маусымды ашады. Қаланың барлық тұрғындары мен қонақтарын 2021 жылдың 28 желтоқсанында сағат 18.00-де Самал саябағына және Солжағалық кешеннің мұз айдынына шақырамыз, онда Сізді қысқы маусымның ашылуы мен ойын бағдарламасы тосады!  

Музей-қорықтың баспасөз қызметі

 

 

Демеушілік көмек. 2021

ШҚО музей-қорығы Тәуелсіздік күні қарсаңында музейге демеушілік көрсеткен «Өскемен ТМК» АҚ басшылығына алғысын білдіреді!  Музей-қорықтың шаруашылық бөлімдерінің қызметкерлері үшін 50 қысқы күртке, 50 дана жазғы киім, 50 жұп мақта-мата қолғап алынды. Сертификатты «Өскемен ТМК» АҚ техникалық директоры В.Ю. Чувашов табыс етті.

Шығыс Қазақстанның жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындарының бірімен біздің табысты ынтымақтастығымыз алдағы 2022 жылы да жалғасады деп үміттенеміз.

 

Сертификат алды. 2021

Облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының бір топ қызметкері Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап өткізген "Тәуелсіздік жолы: қалыптасуы, дамуы және келешегі" атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысты. Конференция 2021 жылдың қыркүйегінде өткен болатын. Конференцияның қорытындысы бойынша оған қатысушылар Ұлттық музей директоры А. Мұхамедиұлының қолы қойылған сертификаттарға ие болды.

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Қазақ халқының дәстүрлері"атты іс-шара. 2021

2021 жылдың 14 желтоқсанында "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ақпараттық-білім беру бөлімінің мамандарымен (Ш.М. Карибаева, А. А. Асыл, О. М. Байгунусова) Өскемен қаласының № 11 мектеп-лицейінің оқушыларына мұражай-қорықтың қор жинақтарынан көшпелі көрме көрсетіліп  "Қазақ халқының дәстүрлері" экскурсиясы өткізілді. Іс-шара экспонаттарды көрсетумен, ұлттық ойындармен және конкурстармен сүйемелденді.

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Туған ел туралы не білемін?» атты викторина өткізілді. 2021

2021 жылдың 13-15 желтоқсан аралығында, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының негізінде ақпараттық-білім беру бөлімінің мамандарымен (Карибаева Ш. М., Асыл А. А., Байгунусова О. М.) және ZOOM платформасында "Туған ел туралы не білемін?».

 

Шабытымды шалқытқан туған қалам. 2021

Музей-қорықтың Қ. Сәтпаев даңғылы, 79 А мекенжайда орналасқан Солжағалық кешенінің көрме залында музей сәулетшісі Виктор Шевченконың «Шабытымды шалқытқан туған қалам» атты дербес көрмесі ашылды. Келушілер көрмеден ескі және жаңа Өскеменнің, Солжағалық музей кешенінің, Самал саябағының көлемді макеттерін, сондай-ақ, қаланың бүгінде мүлде жоғалып кеткен, төңкеріске дейінгі сәулетінің эскиздік жобаларын көре алады. Өнертанушы Тамара Быкова жазғандай, «Виктор Шевченко сәулет кеңістігінде өткен мен нақты әлемдер бейнелерінің тамаша диалогында екі дүние жасайды, бірақ іс жүзінде бұл армандар тоғысатын қала.Бәлкім, В. Шевченко өз картиналарында болашақ ұрпақтар өмір сүретін байтақ әлемді ойлап тапқан болар. Кім білсін».

Толығырақ...

 

Музейдің елдер достастығындағы іс-тәжірибесі – музей-қорықтағы халықаралық семинар. 2021

2021 жылдың 29 қарашасында ШҚО музей-қорығының ақпараттық-ағарту бөлімінің қызметкерлері Қазақстанның 2021 жылғы мәдени астанасы – Көкшетау қаласына арналған «Музейдің елдер достастығындағы іс-тәжірибесі» атты халықаралық онлайн семинар өткізді.

Музейлік семинардың мақсаты республикалық, облыстық музейлердің ғылыми, көрме-экспозициялық және ағартушылық салалардағы жұмыс тәжірибесін таныстыру әрі зерделеу болды. Іс-шараның модераторы – ақпараттық-ағарту бөлімінің меңгерушісі Шынар Кәрібаева. Семинарға Қазақстанның, Ресей мен Эстонияның әртүрлі қалаларындағы музейлердің қызметкерлері қатысты.

 


JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …