Шығыс – Қазақстан облыстық
сәулет-этнографиялық және
табиғи-ландшафтық
мұражай-қорығы

МҰРАЖАЙ-ҚОРЫҚТЫҢ ҚОРЫНДАҒЫ ТІЗІМДЕМЕЛЕР


Қазақтардың зергерлік әшекейлері

Білезіктер

76. Жұмыр білезік

ХІХ ғасырдың аяғы

800 сынамалы күміс

Соғу, бедерлеу

7,9 х 5,6 х 0,8 (см)

100 г 157 мг

Сопақ пішінді, қиындысы сопақ. Білезіктің ұзын бойымен жұлдызшалар түріндегі өрнектермен, екі жақ басынан “тышқан ізі” өрнегімен әшекейленген. Білезік құны бес сомдық күміс ақшадан соғылған.

Өскемен қаласының тұрғыны Бәтиқа Бұқатовадан алынған, ол 1903 жылы туған, Орта жүздің “Найман” руынан, атасы “Жарты”, Ұлан ауданы Ленинка селосының тумасы.

ШҚО Ұлан ауданының Ленинка селосы

1983 жыл

КП – ІІ - 13299 / КДМ зсб – 6

№ 173 акт – 1983 жыл


77. Жұмыр білезік

ХІХ ғасырдың аяғы

500 сынамалы күміс

Соғу, керту

7,9 х 6,6 х 0,9 (см)

108 г 056 мг

Сопақ пішінді, қиындысы сопақ, ұштары жуандау келген. Бұйым екі жақ ұштарынан бастап “құс ізі” өрнегімен әшекейленген.

Өскемен қаласының (Аблакетка кенті) тұрғыны Зикен Нұркеновадан алынған. Бұйым күміс ақшадан соғылған.

Өскемен қаласының Аблакетка кенті

1983 жыл

КП – ІІ - 13035 / КДМ зсб – 11

№ 102 акт – 1983 жыл


78. Жұмыр білезік

ХІХ ғасыр соңы

500 сынамалы күміс

Соғу, бедерлеу

7,4 х 6,2 х 0,7 (см)

97 г 823 мг

Сопақ пішінді, қиындысы дөңгелек, ұштары қосылмаған. Екі жағынан “құс ізі” өрнегімен, сондай-ақ параллель орналасқан үзік сызықтармен және ширатпамен әшекейленген.

Өскемен қаласының тұрғыны Зағиба Қарабаевадан алынған, ол 1914 жылы туған, Орта жүздегі “Найман” руының өкілі, атасы “Жарты”, Ұлан ауданының тумасы. Білезік құны бес сомдық күміс ақшадан соғылған.

ШҚО Ұлан ауданы

1983 жыл

КП – ІІ - 13026 / КДМ зсб – 8

№ 98 акт – 1983 жыл


79. Жұмыр білезік

ХІХ ғасыр соңы

600 сынамалы күміс

Соғу, керту

7,4 х 5,6 х 0,6 (см)

75 г 150 мг

Сопақ пішінді, қиындысы сопақ, ұштары қосылмаған. Екі жағынан дөңгелектерден, ширатпадан және үзік сызықтардан тұратын “көз” өрнектерімен әшекейленген.

Өскемен қаласының тұрғыны Қанипа Жазықбаевадан алынған, ол 1918 жылы туған, Орта жүздегі “Найман” руының өкілі, атасы “Жарты”, Ұлан ауданы Ленинка селосының тумасы. Білезік құны бес сомдық күміс ақшадан соғылған.

ШҚО Ұлан ауданының Ленинка селосы

1983 жыл

КП – ІІ - 13029 / КДМ зсб – 9

№ 99 акт – 1983 жыл


80. Жұмыр білезік

ХІХ ғасырдың аяғы

600 сынамалы күміс

Құю, керту

8 х 5,9 х 0,9 (см)

94 г

Сопақ пішінді, қиындысы сопақ, ұштары қосылмаған. Жоғарғы және төменгі шеттері аралас орналасқан дөңгелектермен және параллель жолақтармен, ортасына таман бес дөңгелектермен, ортасы – іштерінде дөңгелектері бар ромбтармен әшекейленген.

№ 80, 81 білезіктер Уәзипа Қалиевадан алынған, ол 1928 жылы туған, Орта жүздің өкілі, Күршім ауданы Баспақбұлақ ауылының тумасы.

Әшекейлер өткізушінің енесі Зейнеп Лебаеваның жасауының ішінде болған, ол 1870 жылы туған, Орта жүздің өкілі, Күршім ауданы Баспақбұлақ ауылының тумасы.

ШҚО Күршім ауданының Баспақбұлақ ауылы

1980 жыл

ГИК – ХХІҮ – 8828 / КДМ зсб – 58

№ 346 акт – 1980 жыл


81. Жұмыр білезік

ХІХ ғасыр соңы

500 сынамалы күміс

Соғу, бедерлеу

7,6 х 6 х 0,9 (см)

115 г 860 мг

Ұштары қосылмаған сопақ шеңбер түрінде, қиындысы сопақ. Білезіктің ұштары қосарланған көлденең жолақтармен әшекейленген.

ШҚО Күршім ауданының Баспақбұлақ ауылы

1980 жыл

ГИК – ХХІҮ – 8829 / КДМ зсб – 53

№ 346 акт – 1980 жыл


82. Жұмыр білезік

ХІХ ғасыр соңы

500 сынамалы күміс

Қалыптау, бедерлеу

6,8 х 5,6 х 0,7 (см)

78 г 788 мг

Сопақ пішінді, қиындысы сопақ, ұштары қосылмаған. Шеттерінің бойымен “көз” және үзік сызықтар түріндегі өрнектер бедерленген. Өрнек „бедер” техникасында орындалған.

Әтинә Исағұловадан алынған, ол 1922 жылы туған. Оған ХХ ғасырдың 40-жылдары 25 жылдығына орай анасы сыйлапты. Анасы Тәкіжан Әлімбаева - Орта жүздің “Найман” руы ішіндегі “Өтей” елінің өкілі, атасы “Таз”, 1982 жылы қайтыс болған.

ШҚО Самар ауданының Бастаушы ауылы

1986 жыл

КП – ІХ - 17307 / КДМ зсб – 135

№ 139 акт – 1986 жыл


83. Жұмыр білезік

ХІХ ғасыр соңы

500 сынамалы күміс

Құю, бедерлеу

6,9 х 5,4 х 0,8 (см)

57 г 254 мг

Сопақ пішінді, қиындысы сопақ, ұштары қосылмаған. Шеттерінің бойымен алты күлтелі гүлге ұқсас өрнек бедерленген.

Гүлнара Садыққызы Әкеновадан алынған, ол 1962 жылы туған. Білезік оған 90 жастағы енесі Гүлнәби Әкеновадан қалған, ол Орта жүздің “Найман” руы ішіндегі “Қарагерей” елінің өкілі.

ШҚО Самар ауданының Бастаушы ауылы

1986 жыл

КП – ІХ - 17308 / КДМ зсб – 136

№ 140 акт – 1986 жыл


84. Жұмыр білезік

ХІХ ғасыр соңы

875 сынамалы күміс

Құю, керту

7,6 х 5 х 0,9 (см)

56 г 712 мг

Сопақ пішінді, қиындысы сопақ, ұштары қосылмаған. Шеңбер қапталдарының бойымен дөгелектер соғылған, олар өте көмескіленіп қалған. Әшекейдің ұштары тым жаншыңқы.

Күлзипә Сәдуақасқызы Қаленовадан алынған, ол “Төлебай” елінің өкілі. Анасы Мәриамхан Есімованың әшекейі, анасы 1983 жылы қайтыс болған.

ШҚО Самар ауданының Бастаушы ауылы

1986 жыл

КП – ІХ - 17313 / КДМ зсб – 137

№ 143 акт – 1986 жыл


85. Жұмыр білезік

ХІХ ғасыр соңы

500 сынамалы күміс

Соғу, бедерлеу

7,8 х 6,9 (см)

144 г 473 мг

Тұйықталмаған сопақ пішінді, қиындысы сопақ. Білезіктің бүкіл үстіңгі бетінде дөңгелектер және шырша қылқандары түріндегі сурет.

№ 85, 86 білезіктер Әзімхан Ақатайұлы Рахмадулиннен алынған. Бұл әшекейлер оның әжесінікі және ол қайтыс болғаннан кейін немересіне мұра болып қалған.

ШҚО Таврия ауданының Отрадное селосы

1986 жыл

КП – ІХ - 17315 / КДМ зсб – 138

№ 145 акт – 1986 жыл


86. Жұмыр білезік

ХІХ ғасыр соңы

500 сынамалы күміс

Қалыптау, бедерлеу

8,2 х 6,9 х 1 (см)

143 г 946 мг

Сопақ пішінді, қиындысы сопақ, қосылмайтын ұштары жуандау келген. Орта тұсы шырша қылқандары тәрізді суреттермен ауысып отыратын доға түріндегі өрнектермен әшекейленген, ал бұйымның ұштарында ұсақ тісті жарты дөңгелек суреті.

ШҚО Таврия ауданының Отрадное селосы.

1986 жыл

КП – ІХ - 17316 / КДМ зсб – 139

№ 145 акт – 1986 жыл


87. Жұмыр білезік

ХІХ ғасырдың 90-шы жылдары

700 сынамалы күміс

Бедерлеу, керту

8,6 х 6,9 х 1,1 (см)

157 г 68 мг

Сопақ пішінді, қиындысы дөңгелек, ұштары қосылмаған. Әшекей “жұлдызша” және “арқар мүйіз” өрнектерімен сәнделген.

Тұрар Жанұзақовадан алынған, ол 1912 жылы туған, елі “Төре”, Семей облысы Көкпекті ауданы Луговое селосының тұрғыны. Білезік оған анасынан қалған және шамамен 1890 жылы соғылған.

ШҚО Көкпекті ауданы

1989 жыл

КП – ХІІ - 18932 / КДМ зсб – 186

№ 130 акт – 1989 жыл


88. Жұмыр білезік

ХІХ ғасыр соңы

925 сынамалы күміс

Бедерлеу, керту

7,5 х 5,3 х 0,9 (см)

87 г 55 мг

Сопақ пішінді, қиындысы сопақ, ұштары қосылмаған. Ұштары жағынан үлкен диаметрлі сызыққа дейін екі ай түріндегі сурет бедерленген. Жарты сопақшалардың бірінің ортасын сызықша кесіп өткен. Бұйым, сондай-ақ, мүйіз тәрізді өрнектермен және пішіні айқын емес терең кертпелермен сәнделген. Бүйір жақ қырында – “тышқан ізі” өрнегі.

Нәзигүл Нұрмұхамбетқызы Шәріповадан алынған, ол 1948 жылы туған. Білезікті оған жамағайыны – Бижамал әже сыйлаған, ол Орта жүздегі “Найман” руының “Мұңайтпас” елінен шыққан, Үлкеннарын ауылының тумасы.

ШҚО Үлкеннарын ауданының Үлкеннарын ауылы

1992 жыл

КП – ХҮІІІ - 20606 / КДМ зсб – 200

№ 18 акт – 1992 жыл


89. Жұмыр білезік

ХІХ ғасыр соңы

750 сынамалы күміс

Бедерлеу, керту

6,9 х 5,7 х 0,6 (см)

58 г 83 мг

Білезік – қосылмайтын жұмыр ұшты жылан пішіндес, қиындысы дөңгелек. Ұштарындағы сурет анық көрінеді – бұл жыланның басы, көздері нүктелермен және жарты шеңбермен белгіленген, орта тұсындағы сурет өшіп қалған.

Ф.Р. Рахматуллинадан алынған, ол 1935 жылы туған, Таврия ауданы Тасөткел ауылының тұрғыны. Оған 1967 жылы анасы Бәтіш Боранқұлова сыйлаған, анасы 1905 жылы туған. Анасы үшін зергерлік бұйымды оның әкесі Құсайын жасаған, ол Төлбиік ауылының ұстасы болған. Білезікте анасы қызына берген кез, яғни 1967 жыл белгіленген.

ШҚО Таврия ауданы

1992 жыл

КП – ХҮІІІ - 20718 / КДМ зсб – 203

№ 43 акт – 1992 жыл


90. Жұмыр білезік

ХІХ ғасыр соңы – ХХ ғасыр басы

500 сынамалы күміс

Құю, керту

7,4 х 5,3 х 0,6 (см)

105 г 941 мг

Қиындысы сопақ иілген негізден аяқталмаған эллипс түрінде жасалған. Бүйір жақ беті жайдақ. Қаптал жақтары тегіс емес, доғал бұрышты тікбұрыш түрінде келеді. Білезіктің ұштары параллель және перпендикуляр бағыттарда орналастырылған жарты ай (қапсырмалар) түріндегі бедерлі өрнектермен әшекейленген, сондай-ақ бір ұшында ұсақ дөңгелекшелер (олардың біреуінің ғана толық ізі қалған) бар.

Айтжамал Зиядановадан алынған, ол 1950 жылы туған, елі “Көнші”, Тарбағатай ауданы Қарасу ауылының тұрғыны. Білезік оның әжесінікі.

ШҚО Тарбағатай ауданының Қарасу ауылы

1986 жыл

КП – ІХ - 17266 / КДМ зсб – 147

№ 121 акт – 1986 жыл

Сыйлық


91. Жұмыр білезік

ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басы

600 сынамалы күміс

Құю, керту

6,8 х 5,3 х 0,5 (см)

68 г 47 мг

Сопақ пішінді, қиындысы дөңгелек. Бұйымның ұштары жіңішкертілген. Өрнектері ай түрінде.

Гүлнәр Полторанинадан алынған, ол Өскемен қаласының тұрғыны.

Өскемен қаласы

1992 жыл

КП – ХҮІІІ -20651 / КДМ зсб – 202

№ 20 акт – 1992 жыл


92. Жұмыр білезік

ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басы

500 сынамалы күміс

Бедерлеу, керту

7,6 х 5,9 х 0,7 (см)

75 г 63 мг

Сопақ пішінді, қиындысы сопақ, ұштары қосылмаған. Әшекей ұштарынан ортасына қарай көлденең салынған түзу сызықтармен сәнделген, ортасына қарай олар айлар мен көлемі 3-4 мм болатын сегізбұрышты жұлдыздарға ауысады. Бұйымның екі жағында көлемі 1,8 см болатын екі жартысопақ ай түрінде бейнеленген.

Айгелді Көпжасаровадан алынған, ол 1945 жылы туған, Орта жүздегі “Найман” руы “Терістаңбалы” елінің өкілі, Алмасай ауылының тұрғыны. Әшекей ұлы әжесінен қалған, Айгелді 12 жасқа толғанда оған анасы Мәсура сыйлаған, анасы 1920 жылы туған.

ШҚО Ұлан ауданының Алмасай ауылы

1992 жыл

КП – ХҮІІІ - 20777 / КДМ зсб – 206

№ 58 акт – 1992 жыл


93. Жұмыр білезік

ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басы

600 сынамалы күміс

Құю, соғу, бедерлеу, керту

7,9 х 6,8 х 1,1 (см)

146 г 9 мг

Сопақ пішінді, қиындысы сопақ, ұштары қосылмаған.

Білезіктің ұштары екі жақтарынан “күн”, “жұлдыз” өрнектерімен, тісті доғалармен, үзік сызықтармен, сондай-ақ, бойлай және қос көлденең жолақтармен әшекейленген.

№ 93, 94 білезіктер коллекционер Валерий Николаевич Куриловтан алынған, ол Өскемен қаласының тұрғыны.

Шығыс Қазақстан

2004 жыл

КП – 37 - 26127/1 - КДМ зсб 3 – 460

№ 327 акт – 2004 жыл


94. Жұмыр білезік

ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басы

600 сынамалы күміс

Құю, соғу, бедерлеу, керту

7,9 х 6,8 х 1,1 (см)

147 г 9 мг

Сопақ пішінді, қиындысы сопақ, ұштары қосылмаған.

Білезіктің ұштары екі жағынан “күн”, “жұлдыз” өрнектерімен, тісті доғалармен, үзік сызықтармен, сондай-ақ, бойлай және қос көлденең жолақтармен әшекейленген.

Шығыс Қазақстан

2004 жыл

КП – 37 - 26127/1 - КДМ зсб 3 – 461

№ 327 акт – 2004 жыл


95. Жұмыр білезік

ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басы

500 сынамалы күміс

Соғу, бедерлеу

7,5 х 5,1 х 0,5 (см)

38 г 882 мг

Қосылмаған ұштары бар сопақ пішінді жұқа шеңбер түрінде, қиындысы сопақ. Ұштары үзік сызықтар мен ширатпалар түріндегі өрнектермен сәнделген.

№ 95, 96 білезіктер Бақтыбала Кісібаевадан алынған, ол 1918 жылы туған, Орта жүздегі «Керей» руының «Төлеміс» елінен тарайтын «Майқыбайдан» шыққан.

Өткізушінің анасы Қуаныш Нұралиеванікі (1880 – 1957), ол Орта жүздегі «Керей» руы «Қожа» елінің өкілі, Зайсан ауданы Маңырақ ауылының (Жаңатұрмыс ауылының маңында) тумасы. Білезікті зергер Дәуітбай Қыдырбаев (1884 – 1974) соққан, ол Орта жүздегі «Найман» руынан тарайтын «Төртуыл» елінің өкілі, атасы «Қарсақшал», Көкжыра ауылының тумасы.

ШҚО Зайсан ауданының Жаңатұрмыс ауылы

1981

ГИК – ХХҮІ - 9441/КДМ зсб – 1 – 54

№ 122 акт – 1981 жыл


96. Жұмыр білезік

ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басы

960 сынамалы күміс

Соғу

7,9 х 5,6 х 0,8 (см)

70 г 538 мг

Сопақ пішінді, қиындысы дөңгелек, бет жағы тегіс, сәнделмеген.

ШҚО Зайсан ауданының Жаңатұрмыс ауылы

1981 жыл

ГИК – ХХҮІ - 9442 / КДМ зсб – 55

№ 122 акт – 1981 жыл


97. Жұмыр білезік

ХХ ғасыр басы

500 сынамалы күміс

Соғу, бедерлеу

6,6 х 5,2 х 0,6 (см)

69 г 091 мг

Сопақ пішінді, қиындысы дөңгелек, ұштары қосылмаған. Бұйымның беті үзік сызықтар мен дөңгелекшелерден тұратын стильді өрнекпен безендірілген.

Өскемен қаласының тұрғыны Бижамал Қарабаевадан алынған, ол 1907 жылы туған, Орта жүздегі “Найман” руының өкілі (атасы “Жарты”), Ұлан ауданы Ленинка селосының тумасы.

Білезік құны бес сомдық күміс тиыннан соғылған.

ШҚО Ұлан ауданы

1983 жыл

КП – 2 – 13527 / КДМ зсб – 2

№ 226 акт – 1983 жыл


98. Жұмыр білезік

ХХ ғасыр басы

600 сынамалы күміс

Соғу, бедерлеу

7,6 х 6,1 х 0,8 (см)

94 г 035 мг

Сопақ пішінді, қиындысы сопақ, ұштары қосылмаған. “Тышқан ізі” өрнегімен, сондай-ақ ұсақ үзік сызықтармен сәнделген, суреті анық.

Өскемен қаласының тұрғыны Зағиба Қарабаевадан алынған, ол 1914 жылы туған, Орта жүздің өкілі, елі “Жарты”, Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының тумасы.

Әшекей құны бес сомдық күміс тиыннан соғылған.

ШҚО Ұлан ауданы

1983 жыл

КП – 1 - 13027 / КДМ зсб – 5

№ 98 акт – 1983 жыл


99. Жұмыр білезік

ХХ ғасыр басы

500 сынамалы күміс

Соғу, кесу

7,1 х 5,5 х 0,6 (см)

27 г 825 мг

Сопақ пішінді, қиындысы жартылай дөңгелек, ұштары қосылмаған, жіңішке. Әшекейдің ұштары мұқият егеліп, жұмырланған. Білезіктің айналасы тегіс емес.

Дина Құрманова сыйлаған, ол Орта жүздегі “Найман” руының өкілі, елі “Тәуке”, Тарбағатай ауданы Қарасу ауылының тумасы. Әшекейді оған анасы Сығаева сыйлаған, анасы 1900 жылы туған, Орта жүздегі “Найман” руының өкілі, атасы “Тоғас”, Зайсан қаласының тумасы, 1986 жылы қайтыс болған.

ШҚО Зайсан қаласы

1986 жыл

КП – ҮІІІ - 17140 / КДМ зсб – 132

№ 100 акт – 1986 жыл

Сыйлық


100. Жұмыр білезік

ХХ ғасыр басы

500 сынамалы күміс

Соғу, бедерлеу

7,5 х 5,4 х 0,7 (см)

82 г 150 мг

Сопақ пішінді, кесіндісі сопақ, ұштары қосылмаған. Өрнегі ірі, қатаң симметриялы және сырт бетінде қайталанады, өрнектердің бір циклі төрт мәрте қайталанады. Сәнделуі терең және жалпақ тісті сызықтар мен дөңгелектер түрінде берілген.

№ 100, 101 білезіктер Серікхан Рахманұлы Әлімхановтан алынған, ол Семей қаласының тұрғыны. Бірге тұрған отбасылық өмірлерінің алғашқы жылдарында әйелінің ата-анасы мен туыстары әшекейлерді әйеліне сыйлапты. Өткізушінің туыстарының айтуы бойынша зергер ауылдың жергілікті, жасы келген тұрғыны болыпты. Ол өте әйгілі болған және оған тапсырыстар көп түскен. Зергер білезіктер, түймелер, сырғалар, қапсырмалар, тұмарлар жасаған екен.

Семей облысы

1986 жыл

КП – ІХ - 17299 / КДМ зсб – 141

№ 136 акт – 1986 жыл


101. Жұмыр білезік

ХХ ғасыр басы

600 сынамалы күміс

Соғу, бедерлеу

7,4 х 5,3 х 0,7 (см)

92 г 477 мг

Сопақ пішінді, қиындысы сопақ, ұштары түзу.

Қос ирек сызықтар мен қос дөңгелектер түріндегі ұсақ өрнегі екі жақты келген, әр дөңгелектен бес түзу сызық тарайды, “күн” өрнек.

Семей облысы

1986 жыл

КП – ІХ - 17300 / КДМ зсб – 142

№ 136 акт – 1986 жыл


102. Жұмыр білезік

ХХ ғасыр басы

500 сынамалы күміс

Бедерлеу, керту

9,1 х 7,1 х 1 (см)

170 г 716 мг

Сопақ пішінді, қиындысы дөңгелек, түзу келген ұштары қосылмаған.

Өрнектері симметриялы, қос шығыршықтар, жұлдызшалар, жарты айлар, екі қайтара керту нәтижесінде пайда болған сүйір бұрыштар түрінде келген. “Баласы”, “Тәжі”, “Әзиз" деген жазулары (араб қарпімен) бар, олардың араларына ұсақ “жұлдыз” өрнектер салынған.

Орынғали Мұқанұлы Тұрсыновтан алынған, ол Семей қаласының тұрғыны. Білезік әжесінікі, жергілікті зергер соққан.

Семей қаласы

1986 жыл

КП – ІХ - 17297 / КДМ зсб – 150

№ 135 акт – 1986 жыл


103. Жұмыр білезік

ХХ ғасыр басы

500 сынамалы күміс

Керту

7,8 х 4,8 х 0,9 (см)

69 г 566 мг

Тұйықталмаған сопақ пішінді, қиындысы тікбұрышты. Ұштары біраз сүйірлеу, жалпайтылған. Бұйымда диаметрі 0,3 см болатын дөңгелектер түріндегі сирек сурет берілген, оның екі жағында қос нүкте, ал осы қайталанып отыратын өрнектер арасында бір немесе екі нүкте бар.

№ 103, 104 білезіктер Сұлтанғазы Түсіпбекұлы Сүлейменовтен алынған, ол Марқакөл ауданы Боран ауылының тұрғыны, осы ауданның Қарашілік ауылының тумасы. Зергерлік әшекейлер осы өлкеде туып, бар ғұмырын осында өткізген Мәстура әжесінікі болған. Бұл әшекейлерді Қарашілік ауылының жергілікті ұстасы, әрі зергері соққан.

ШҚО Марқакөл ауданының Боран ауылы

1986 жыл

КП – ІХ - 17227 / КДМ зсб – 153

№ 118 акт 1986 жыл


104. Жұмыр білезік

ХХ ғасыр басы

500 сынамалы күміс

Керту

6,9 х 5,8 х 0,7 (см)

61 г 349 мг

Түйіспеген дөңгелек түрінде, ұштары 90 градус бұрышпен қиылған. Қиындысы доғалдан гөрі тікбұрышқа келеді.

Орта тұсындағы сурет өшіп қалған, шеттерінде едәуір анық байқалады – бұл бір немесе екі үзік сызықтармен кезек берілген жарты дөңгелектер.

ШҚО Марқакөл ауданының Боран ауылы

1986 жыл

КП – ІХ - 17228 / КДМ зсб – 154

№ 118 акт 1986 жыл


105. Жұмыр білезік

ХХ ғасыр басы

800 сынамалы күміс

Керту

7,3 х 5,3 х 0,7 (см)

51 г 392 мг

Сопақ пішінді, қиындысы сопақ. Білезіктің ұштары екі жағынан жарты ай түріндегі өрнектермен әшекейленген.

Нұрзипә Байысовадан алынған, ол 1926 жылы туған, елі “Өтеміс”, Самар ауданы Көкжыра ауылының тұрғыны. Білезік оған анасы Шәрбан Рүстемовадан қалған, анасы 1905 жылы туған, Көкжыра ауылының тумасы. Анасының әке-шешесі төңкеріске дейін өте бай тұрған, олар бұл әшекейді өздерінің кішкентай қыздары үшін арнайы тапсырыс беріп жасатқан болуы керек.

ШҚО Самар ауданының Көкжыра ауылы

1988 жыл

КП – Х - 18216 / КДМ зсб – 170

№ 86 акт – 1988 жыл


106. Жұмыр білезік

ХХ ғасыр басы

500 сынамалы күміс

Керту

7,9 х 6,3 х 1,1 х 0,9 (см)

138 г 30 мг

Сопақ пішінді, қиындысы дөңгелек. “Ай”, “күн”, “гүл”, “үкі аяқ” өрнектерімен сәнделген.

Айгүл Есбатырқызы Нұралинадан алынған, ол 1958 жылы туған, Талдықорған облысы Калиновка селосының тумасы, Ұлан ауылының тұрғыны.

Білезік оның ұлы әжесі Зылиха Есімованікі (1892-1982), ол Орта жүздегі “Найман” руының өкілі, елі “Төрт сары”. Әжесі қайтыс болғаннан кейін әшекей оған қалған.

ШҚО Ұлан ауданының Ұлан ауылы

1989 жыл

КП – ХІІІ - 19109 / КДМ зсб – 189

№ 186 акт – 1989 жыл


107. Жұмыр білезік

ХХ ғасыр басы

500 сынамалы күміс

Соғу, керту

7,6 х 6,1 х 0,9 (см)

98 г 35 мг

Сопақ пішінді, қиындысы сопақ, ұштары қосылмаған. “Ай”, “дөңгелек” өрнектерімен әшекейленген.

Қазима Бәділбаевадан алынған, ол 1921 жылы туған, Мыңшұңқыр ауылының тумасы, Ұлан ауданы Жанұзақ ауылының тұрғыны. Білезікті оған Бибібәтима (1914-1987) есімді құдағиы сыйлаған, оның елі “Айтқұл”.

ШҚО Ұлан ауданының Жанұзақ ауылы

1989 жыл

КП – ХІІІ - 19110 / КДМ зсб – 190

№ 187 акт – 1989 жыл


108. Жұмыр білезік

ХХ ғасыр басы

500 сынамалы күміс

Соғу, керту

7,9 х 7,2 х 1,2 (см)

151 г 82 мг

Сопақ пішінді, ұштары қосылмаған. Қиындысы тікбұрышты, қырлары доғал келген. Бұйымның ұштары “ай” өрнегімен безендірілген.

Ербол Бердібаевтан алынған, ол 1958 жылы туған, Киров ауданы Белокаменка селосының тумасы. Білезік ата-анасынан мұра болып қалған.

ШҚО Глубокое ауданының Белокаменка селосы

1989 жыл

КП – ХІІІ - 19141 / КДМ зсб – 191

№ 204 акт – 1989 жыл


109. Жұмыр білезік

ХХ ғасыр басы

500 сынамалы күміс

Бедерлеу, керту

7,5 х 5,3 х 0,9 (см)

93 г 64 мг

Сопақ пішінді, қиындысы сопақтан гөрі тікбұрышты болып келген. Екі ұшында төрт “қос дөңгелек” өрнегі және әр жағында үш сызықтан орналасқан.

Шәрбан Жүсіпқызы Рақымбаевадан алынған, ол 1930 жылы туған, Орта жүздегі “Арғын” руының өкілі. Әшекей оған әжесі Шағила Шәкіровадан (1910-1989) қалған, ол Ұлан ауданының тұрғыны

ШҚО Ұлан ауданы

1992 жыл

КП – ХІХ - 20873 / КДМ зсб – 213

№ 116 акт – 1992 жыл


110. Жұмыр білезік

ХХ ғасыр басы

500 сынамалы күміс

Бедерлеу, керту

8,3 х 7 х 1 (см)

163 г 75 мг

Сопақ пішінді, салмақты, қиындысы сопақ, ұштары қосылмаған. Бұйымның ұштары екі жағынан өсімдік тектес “үш жапырақ” өрнегімен сәнделген, өрнектің үш жағында төрт шағын сызық бар.

Равиль Дәлешұлы Доламбаевтан алынған, ол Өскемен қаласының тұрғыны. Білезікті оған досы Сергей Петрович Мазницен берген, ол 1971 жылы туған, Тарханка селосының тұрғыны. Әжесі Евдокия Петровна Меншикованікі (1918-1990) екен.

ШҚО Глубокое ауданының Тарханка селосы

1992 жыл

КП – ХІХ - 20915 / КДМ зсб – 220

№ 133 акт – 1992 жыл


111. Жұмыр білезік

ХХ ғасыр басы

500 сынамалы күміс

Соғу

8 х 5,3 х 0,6 (см)

63 г 14 мг

Сопақ пішінді, қиындысы дөңгелек, ұштары қосылмаған.

Еркін Нығметоллаұлы Ахмадиевтен алынған, ол 1970 жылы туған, Тарбағатай ауданының тумасы. Бұйым оның әжесінікі екен.

ШҚО Тарбағатай ауданы

1994 жыл

КП – ХІХ - 21244 / КДМ зсб – 221

№ 35 акт – 1994 жыл


112. Жұмыр білезік

1910 жыл

500 сынамалы күміс

Керту

7,4 х 5,7 х 0,8 (см)

108 г 880 мг

Ұштары қосылмаған шеңбер түрінде, қиындысы сопақ. Гүлді өрнекпен әшекейленген.

№ 112, 113 білезіктер Сайран Сейілханқызы Рақышевадан алынған, ол 1957 жылы туған, Өскемен қаласының тұрғыны. Өткізушінің отбасы қоныс аударғанға дейін Серебрянка қаласында тұрған. Әшекейлер оның 1950 жылы қайтыс болған әжесінікі екен.

ШҚО Серебрянка қаласы

1983 жыл

КП – 1 - 12319 / КДМ зсб – 4

№ 4 акт – 1983 жыл


113. Жұмыр білезік

1910 жыл

500 сынамалы күміс

Керту

7,3 х 6 х 0,8 (см)

117 г 159 мг

Сопақ пішінді, қиындысы сопақ, ұштары қосылмаған. Екі ұшында – гүл түріндегі өрнек.

ШҚО Серебрянка қаласы

1983 жыл

КП – 1 - 12320 / КДМ зсб – 10

№ 4 акт – 1983 жыл


114. Жұмыр білезік

ХХ ғасырдың 10-шы жылдары

500 сынамалы күміс

Бедерлеу

8 х 6,5 х 1 (см)

164 г 022 мг

Сопақ пішінді, қиындысы дөңгелек, ұштары қосылмаған. Бет жағында жапырақ түріндегі өсімдіктік өрнектер, осы жерде ортасында “Нәзигүл Иса қызы” деген жазу (араб қарпімен) бар. Болжам бойынша тапсырыс берушінің есімі болу керек.

№ 114, 115 білезіктер Өскемен қаласының тұрғыны Әскербек Сапаровтан алынған, ол 1940 жылы туған, Ұлан ауданы Жаңаталап ауылының тумасы.

Зергерлік бұйымдар Сапаров Әскербектің туған әжесі – Қанжамал Бекбатырованікі, ол 1909 жылы туған, Семей облысы Аягөз бекетінің тумасы. Бұл білезікті әжесіне өзінің күйеуі Сапар Бекбатыров сыйлаған, ол Ұлан ауданы Тарғын ауылының тумасы. Тапсырыс берушілер білезіктерді жасағаны үшін зергерге ақшалай төлегені белгілі. Білезіктерді әжесі 10-шы жылдардан бастап 1980-ші жылдардың басына дейін таққан. Ал 1984 жылы демалыста жүрген немересі – Әскербек Сапаровқа ескерткішке сыйлаған екен.

ШҚО Ұлан ауданының Тарғын ауылы

1986 жыл

КП – ҮІІІ - 16697 / КДМ зсб – 125

№ 14 акт – 1986 жыл


115. Жұмыр білезік

ХХ ғасырдың 10-шы жылдары

500 сынамалы күміс

Бедерлеу

8,3 х 6,5 х 1 (см)

164 г 349 мг

Сопақ пішінді, қиындысы сопақ, ұштары қосылмаған. Бет жағында жапырақ түріндегі өсімдіктік өрнектер, осы жерде “Нәзигүл Иса қызы” деген жазу (араб қарпімен) бар. Болжам бойынша тапсырыс берушінің есімі болу керек.

ШҚО Ұлан ауданының Тарғын ауылы

1986 жыл

КП – ҮІІІ - 16698 / КДМ зсб – 126

№ 14 акт – 1986 жыл


116. Жұмыр білезік

1915 жыл

500 сынамалы күміс

Бедерлеу

7,4 х 5,6 х 0,9 (см)

91 г 963 мг

Сопақ пішінді, қиындысы сопақ, ұштары қосылмаған. Бұйымның ұштары жұлдызшалар түріндегі өрнектермен және екі сызықпен әшекейленген.

Жамбы Қырғышбаевадан алынған, ол 1900 жылы туған, руы “Керей”, атасы “Жантекей”, Пржевальск селосының тумасы, Зайсан ауданы Мұжықсу ауылының тұрғыны. Білезікті 1915 жылы оның әкесі соққан.

ШҚО Зайсан ауданының Мұжықсу ауылы

1989 жыл

КП – ХІ - 18715 / КДМ зсб – 176

№ 31 акт – 1989 жыл


117. Жұмыр білезік

1920 жыл

500 сынамалы күміс

Соғу, бедерлеу

7,9 х 5,6 х 0,7 (см)

75 г 293 мг

Сопақ пішінді, қиындысы сопақ, ұштары қосылмаған. Білезіктің ұштары ширатпалармен, үзік сызықтармен, сондай-ақ күн белгілерін еске салатын өрнектермен безендірілген.

Қапиза Мәдияновадан алынған, ол 1930 жылы туған, Өскемен қаласының тұрғыны. Бұйым анасы Тұрсын Көшкінбаевадан мұраға қалған, ол Ұлан ауданының Точка селосында тұрған, 1941 жылы қайтыс болған.

Әшекейді Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Точка селосының ұстасы Ошақбаев Қалиәкпер соққан. Шебер 1977 жылы қайтыс болған.

ШҚО Ұлан ауданының Точка селосы

1983 жыл

КП – І - 12322 / КДМ зсб – 12

№ 5 акт – 1983 жыл


118. Жұмыр білезік

1920 жыл

500 сынамалы күміс

Соғу

7,1 х 4,7 х 0,7 (см)

53 г

Сопақ пішінді, қиындысы дөңгелек, дөңгелек ұштары қосылмаған.

Тарғын Әбсадықовадан алынған, ол 1905 жылы туған, Орта жүздегі “Найман” руының өкілі, атасы “Тайлақ”.

Өскемен қаласы

1989 жыл

КП – ХІІІ - 19143 / КДМ зсб – 192

№ 205 акт – 1989 жыл


119. Жұмыр білезік

ХХ ғасырдың 20-шы жылдары

500 сынамалы күміс

Керту

7,8 х 5,4 х 0,8 (см)

90 г 190 мг

Сопақ пішінді, қиындысы сопақ, ұштары қосылмаған. Бұйым симметриялы орналасқан дөңгелекшелермен және нүктелермен, сондай-ақ “үш жапырақ” түріндегі өрнектермен әшекейленген. Екі жақ басының қарама-қарсы қырларында үш жапырақты төрт өрнек, олардың араларында нүктелері мен дөңгелектері бар.

№ 119, 120 білезіктерді Күлбану Жәкеева сыйлаған, ол 1933 жылы туған, Күршім ауданы Славянка селосының тұрғыны. Жәкеева – он бала тәрбиелеп өсірген көпбалалы ана. Ол кісі өзі сырмақ басып, алаша тоқыған.

Қүршім ауданының Славянка селосы

1987 жыл

КП – ІХ - 17658 / КДМ зсб – 163

№ 53 акт – 1987 жыл

Сыйлық


120. Жұмыр білезік

ХХ ғасырдың 20-шы жылдары

500 сынамалы күміс

Керту

7,9 х 5,7 х 1 (см)

114 г 421 мг

Сопақ пішінді, қиындысы сопақ, ұштары қосылмаған. Әшекейдің сырт жағына бағыттала түйіскен үш жапырақша түріндегі өрнектермен сәнделген, олар симметриялы орналасқан. Он алты жапырақша, сондай-ақ дөңгелектер жақсы байқалады.

Күршім ауданының Славянка селосы

1987 жыл

КП – ІХ - 17657 / КДМ зсб – 164

№ 53 акт – 1987 жыл

Сыйлық


121. Жұмыр білезік

ХХ ғасыр басы

500 сынамалы күміс

Соғу, бедерлеу, керту

7,5 х 6 х 0,7 (см)

92 г 327 мг

Сопақ пішінді, қиындысы дөңгелек, ұштары қосылмаған. Сызықтар мен дөңгелектер түрінде келген өрнектермен безендірілген.

Мүсира Зәріпқызы Айымбековадан алынған, ол 1924 жылы туған, Ұлан ауданы Мыңшұңқыр ауылының тумасы.

Білезік өткізушінің анасы Қизат Мұхаметжанованікі екен, ол 1906 жылы туған, Орта жүздегі “Найман” руының өкілі, атасы “Шақанас”, Семей облысы Жарма ауданының тумасы. Ол 1927 жылдан бері Көркебай ауылында тұрған, білезікті әке-шешесі жасау ретінде берген.

ШҚО Ұлан ауданының Мыңшұңқыр ауылы

1981 жыл

ГИК – ХХҮІІ - 999 / КДМ зсб – 51

№ 285 акт – 1981 жыл


122. Жұмыр білезік

1924 жыл

500 сынамалы күміс

Бедерлеу, керту

6,8 х 6,2 х 0,8 (см)

83 г 528 мг

Сопақ пішінді, қиындысы дөңгелек, ұштары қосылмаған. Білезіктердің ұштары екі жағынан бес сызықпен және дөңгелектермен әшекейленген.

Қазиза Алпысбаевадан алынған, ол 1910 жылы туған, Зырян ауданы Александровка селосының тумасы. Білезік иесінің күйеуі оны өздерінің үйлену тойларына орай 1924 жылы арнайы жасаған.

ШҚО Зырян ауданының Александровка селосы

1980 жыл

ГИК – ХХІҮ - 8456 / КДМ зсб – І – 60

№ 212 акт – 1980 жыл


123. Жұмыр білезік

1924 жыл

600 сынамалы күміс

Соғу, керту

7,8 х 5,8 х 0,7 (см)

87 г 524 мг

Сопақ пішінді, қиындысы сопақ, ұштары қосылмаған. Білезіктің үстіңгі беті таға және тіс тәрізді аралас кертпелерден құралған қарапайым өрнекпен әшекейленген, олар әр бағытта орналастырылған.

№ 123, 124 білезіктер Күләш Адамбосыновадан алынған, ол 1946 жылы туған, Самар ауданы Қаракөл ауылының тумасы, Зырян ауданы Греховка селосының тұрғыны. Әшекейлер анасы Нұржәмила Адамбосынованікі, ол 1910 жылы туған. Оның айтуы бойынша білезіктерді 1924 жылы Күршім ауылында Қашырбай шебер соққан.

ШҚО Күршім ауданының Күршім ауылы

1986 жыл

КП – ҮІІІ - 16833 / КДМ зсб – 127

№ 53 акт – 1986 жыл


124. Жұмыр білезік

1924 жыл

800 сынамалы күміс

Соғу, керту

7,3 х 4,5 х 0,5 (см)

31 г 990 мг

Қиындысы жартылай дөңгелек, жіңішке, ұштары қосылмаған. Бет жағы кертпелермен, дөңгелекшелермен және нүктелермен сәнделген, олар қажалып қалғандықтан нашар көрінеді. Кертпелер “шырша” сипатында орналасқан. Кертпелер арасында әртүрлі қашықтықта – нүктелер. Білезіктің шамамен ортаңғы сызығының бойында – дөңгелекшелер.

ШҚО Күршім ауданының Күршім ауылы

1986 жыл

КП – ҮІІІ – 16835 / КДМ зсб – 128

№ 58 акт – 1986 жыл


125. Жұмыр білезік

ХХ ғасырдың 20-шы жылдарының соңы

600 сынамалы күміс

Құю, керту

7,5 х 6,3 х 0,9 (см)

107 г 825 мг

Сопақ пішінді, қиындысы сопақ, ұштары қосылмаған. Шеттері сызықтармен аралас келген гүлді өрнектермен әшекейленген. Білезіктің ұштары екі жағынан қос жолақпен безендірілген.

№ 125, 126 білезіктер Қадиша Әмірзақовадан алынған, ол 1907 жылы туған, Семей облысы Абай ауданы № 13 ауылдың тумасы, 1940 жылдан бастап Шемонаиха қаласында тұрған. Әшекейлерді үнемі таққан.

Әшекей “жамбы” күмістен құйылған

Семей облысының Абай ауданы

1980 жыл

ГИК – ХХІІ - 7920 / КДМ зсб – 56

№ 78 акт – 1980 жыл


126. Жұмыр білезік

ХХ ғасырдың 20-шы жылдарының соңы

600 сынамалы күміс

Құю, керту

7,4 х 6,7 х 0,7 (см)

97 г 363 мг

Сопақ пішінді, қиындысы сопақ, ұштары қосылмаған. Шеттері сызықтармен аралас келген гүлді өрнектермен әшекейленген. Білезіктің ұштары екі жағынан қос жолақпен безендірілген.

Шамамен ХХ ғасырдың 20-шы жылдары қазақтың қос білезігін жасауға орыс зергеріне тапсырыс берілген. Тапсырыс берушілер сол кезде Кемеров облысындағы (Ресей) Топка қаласының маңында тұрған.

Әшекей “жамбы” күмістен құйылған

Семей облысының Абай ауданы

1980 жыл

ГИК – ХХІІ - 7921 / КДМ зсб – 57

№ 78 акт – 1980 жыл


127. Жұмыр білезік

1928 жыл

500 сынамалы күміс

Бедерлеу

6,7 х 4,5 х 0,4 (см)

39 г 38 мг

Сопақ пішінді, қиындысы дөңгелек, ұштары қосылмаған. Бұйымның екі жақ шеттерінің әр қырында араб жазуы стиліндегі өрнектер бар.

Күләш Қабдолданова сыйлаған, ол 1922 жылы туған, елі “Төртуыл”, Тарбағатай ауданы Киров ауылының тұрғыны. Білезік оған анасы Мәлике Шуашбаевадан қалған, анасы 1888 жылы туған, білезікті ол зергерге 1928 жылы жасатқан.

ШҚО Тарбағатай ауданы Киров ауылы

1989 жыл

КП – ХІІ - 18931 / КДМ зсб – 185

№ 129 акт – 1989 жыл

Сыйлық


128. Жұмыр білезік

1930 жыл

500 сынамалы күміс

Бедерлеу

6,9 х 5,2 х 0,6 (см)

67 г

Сопақ пішінді, қиындысы дөңгелек, ұштары қосылмаған. Бұйымның қырлары бесбұрышты жұлдызшалар мен сызықтар түріндегі ұсақ өрнектермен әшекейленген.

Гүлбану Бөрлібаевадан алынған, ол Көкпекті ауданы Шұғылбай ауылының тұрғыны.

ШҚО Көкпекті ауданының Шұғылбай ауылы

1989 жыл

КП – ХІІ - 18928 / КДМ зсб – 184

№ 128 акт – 1989 жыл


129. Жұмыр білезік

1937 жыл

500 сынамалы күміс

Соғу, бедерлеу

6,6 х 4,9 х 1,1 (см)

62 г 785 мг

Білезік ұштары қосылмаған сопақ пішінді. Орта бөлігі қиындысында дөңгелек, білезіктің ұштары екі жағынан жіңішкертілген. Бұйым ирек ширатпамен және жұлдызшалар тәрізді өрнектермен әшекейленген.

Нағима Мейірбаевадан алынған, ол 1926 жылы туған. Оған дейін білезік өткізушінің анасында болған. Бұйымды соққан шебер – Нұриман. Әшекей шашбаудан қиылып алынған тиындардан соғылған.

Өскемен қаласының Меновное кенті

1983 жыл

КП – 2 - 135 - 29 / КДМ зсб – 3

№ 228 акт – 1983 жыл


130. Жұмыр білезік

ХХ ғасырдың 30-шы жылдары

500 сынамалы күміс

Керту

7,2 х 5,7 х 0,7 (см)

57 г 634 мг

Білезіктің ұштары қосылмаған, қиындысы дөңгелек. Бұйымның сыртқы жағы керту техникасында жасалған өрнекпен әшекейленген. Бір жағында дөңгелектер, екінші жағында – ирек сызықтар түріндегі өрнектер.

Бақты Дүсіповадан алынған, ол 1905 жылы туған, Асубұлақ кентінің тұрғыны. Оның айтуы бойынша білезікті 1930-шы жылдары Сібе көлдері жағынан келген шебер жасаған.

ШҚО Ұлан ауданының Асубұлақ кенті

1988 жыл

КП – Х - 18310 / КДМ зсб – 172

№ 105 акт – 1988 жыл


131. Жұмыр білезік

ХХ ғасырдың ІІ ширегі

500 сынамалы күміс

Соғу

8,8 х 6,8 х 1,2 (см)

181 г 578 мг

Түйіспеген сопақ пішінді, ұштары тегістелген, қиындысы дөңгелек.

№ 131, 132 білезіктер Райкен Құсанқызы Смайыловадан алынған, білезіктер оның жиені Қайрат Мырзағұлұлы Мырзақановтың әжесінікі екен. Әжесі Орта жүзден шыққан.

Шығыс Қазақстан

1987 жыл

КП – ІХ - 17645 /1 / КДМ зсб – 156

№ 42 акт – 1987 жыл


132. Жұмыр білезік

ХХ ғасырдың ІІ ширегі

500 сынамалы күміс

Бедерлеу

8,4 х 6,7 х 1,2 (см)

177 г 591 мг

Сопақ пішінді, қиындысы сопақ, сәл жуандау келген ұштары қосылмаған. Параллель сызықтар түріндегі өрнектермен безендірілген, олар ширатпалар қатарымен көмкерілген.

Шығыс Қазақстан

1987 жыл

КП – ІХ - 17645 / 2 / КДМ зсб – 157

№ 42 акт – 1987 жыл


133. Жұмыр білезік

ХХ ғасырдың І жартысы

925 сынамалы күміс

Құю, соғу, керту

7,9 х 6,7 х 0,9 (см)

135 г 29 мг

Сопақ пішінді, кесіндісі сопақ, ұштары қосылмаған.

Білезіктің екі жақ ұшы “жұлдыз”, “ай”, “шаршы” ( “шаршы” суреті ұсақ) өрнектерімен сәнделген.

Коллекционер Валерий Николаевич Куриловтан алынған, ол Өскемен қаласының тұрғыны.

Шығыс Қазақстан

2004 жыл

КП – 37 - 26128 КДМ зсб 3 – 462

№ 327 акт – 2004 жыл


134. Жұмыр білезік

ХІХ ғасырдың І жартысы

600 сынамалы күміс

Құю, соғу, керту

8,7 х 7 х 1 (см)

156 г 65 мг

Сопақ пішінді, қиындысы сопақ, ұштары қосылмаған.

Әшекейдің орталық бөлігі мен ұштары мәнерлендірілген өсімдіктік “үш жапырақ” өрнектері пайдаланылған ою-өрнек композициясымен, сондай-ақ ұсақ дөңгелектермен сәнделген.

Білезіктің ұштары екі жақтарынан қос ирек сызық – “су” өрнегімен безендірілген.

Білезік Семей қаласының Невзоровтар отбасы атындағы мұражайының көркемсурет салонында сатып алынған.

Шығыс Қазақстан

2004 жыл

КП – 37 - 26126 / КДМ зсб 3 – 459

№ 326 акт – 2004 жыл


135. Жұмыр білезік

ХХ ғасырдың І жартысы

500 сынамалы күміс

Керту

6,7 х 5,2 х 0,6 (см)

50 г 080 мг

Сопақ пішінді, қиындысы дөңгелек, ұштары қосылмаған. Бұйымның ұштарында араб жазуы стиліндегі өрнектер бар.

№ 135, 136 білезіктер алу жолымен (ерікті түрде өткізу) түскен, оларды ІІБ СМҰКБ-ның шұғыл уәкілі, капитан А.И. Сапалев сыйға тартқан.

Шығыс Қазақстан

1987 жыл

КП – ІХ - 17783 / КДМ зсб – 158

№ 104 акт – 1987 жыл

Сыйлық


136. Жұмыр білезік

ХХ ғасырдың ортасы

500 сынамалы күміс

Керту

7 х 4,8 х 0,6 (см)

63 г 764 мг

Сопақ пішінді, ұштары қосылмаған. Білезіктің ортасы қиындысында дөңгелек келген, шаршы пішінді ұштарының бұрыштары сәл доғалдау. Бұйымның ұштары үш жақтан “тышқан ізі” өрнектерімен сәнделген.

Шығыс Қазақстан

1987 жыл

КП – ІХ - 17781 / КДМ зсб – 159

№ 104 акт – 1987 жыл

Сыйлық


137. Жұмыр білезік

ХХ ғасырдың ортасы

500 сынамалы күміс

Соғу

7,2 х 4,9 х 0,7 (см)

58 г 384 мг

Сопақ пішінді, қиындысы сопақ, ұштары қосылмаған.

Мұражайға Адай Кішілайқызы Жекшиева сыйға тартқан, ол 1930 жылы туған, Катонқарағай ауданы Өрел ауылының тумасы әрі тұрғыны, елі “Самай”, атасы “Темірші”. Бұл білезікті ол анасын жерлегенде және одан кейінгі астарда таққан.

Білезік әжесі Қалшия Қыстаубаеванікі екен, ол 1867 жылы туған, Аршаты ауылының тумасы.

Катонқарағай ауданының Өрел ауылы

1987 жыл

КП – ІХ - 17823 / КДМ зсб – 165

№ 119 акт – 1987 жыл

Сыйлық


138. Жұмыр білезік

1948 жыл

500 сынамалы күміс

Соғу

7,6 х 6,3 х 0,6 (см)

32 г 66 мг

Сопақ пішінді, қиындысы жарты дөңгелек, ұштары қосылмаған.

№ 138, 139 білезіктерді мұражайға Оралхан Байсеңгірова сыйға тартқан, ол 1935 жылы туған, Орта жүздегі “Найман” руының өкілі, атасы “Мұрын”, КХР Шәуешек қаласының тумасы, бүгінде Семей облысы Көкпекті ауданындағы Биғаш ауылының тұрғыны. Білезіктерді оған күйеуі Рахмет Байсеңгіров үйлену тойы күні сыйлаған.

ШҚО Көкпекті ауданының Биғаш ауылы

1989 жыл

КП – ХІІ - 18937 / КДМ зсб – 187

№ 131 акт – 1989 жыл

Сыйлық


139. Жұмыр білезік

1948 жыл

500 сынамалы күміс

Соғу

7,5 х 6,1 х 0,6 (см)

40 г 23 мг

Сопақ пішінді, қиындысы жартылай дөңгелек, ұштары қосылмаған.

ШҚО Көкпекті ауданының Биғаш ауылы

1989 жыл

КП – ХІІ - 18938 / КДМ зсб – 188

№ 131 акт – 1989 жыл

Сыйлық


140. Жұмыр білезік

ХХ ғасыр ортасы

600 сынамалы күміс

Құю, соғу, бедерлеу

7 х 5,6 х 0,9 (см)

63 г 79 мг

Сопақ пішінді, қиындысы сопақ, ортасы қалыңдау келген, ұштары қосылмаған. Білезіктің орта тұсы толқын тәрізді суретпен – “су” өрнегімен әшекейленген. Бұйымның ұштары күрекше тәрізді жалпайтылған, мүйіз тәрізді өрнектермен сәнделген.

Өскемен қаласының “Барабук” дүкенінен сатып алынған

Шығыс Қазақстан

2004 жыл

КП – 37 - 26125 / КДМ зсб 3 – 458

№ 325 акт – 2004 жыл


141. Білезік

ХІХ ғасыр ортасы

750 сынамалы күміс, шыны, жақұт

Бедерлеу, керту, сымкәптеу

7,4 х 6,7 х 1,4 (см)

125 г 817 мг

Тілімі жалпақ, қиындысы – жіңішке тікбұрыш, түйіспеген сопақ пішінінде. Шеттерінің бойы ара жүзі тәрізді кертпелермен сәнделген, одан әрі 2 мм ортаға қарай бүкіл айналасының бойымен екі жағынан түзу сызықтар өтеді. Ортасының бойымен ромб тәрізді өрнектердің үздіксіз тізбегі өткен. Бұйымда жарты шар пішіндес бес жапсырма бар, олардың әрқайсысы ширатылған сыммен қоршалған. Білезіктің бір жақ ұшындағы жарты шарда көк түсті мөлдір тас бар, келесі ұшындағы және ортасындағы тастар жоқ. Бұйымның ішкі жағы тегіс әрі жылтыр.

№ 141, 142 қос білезіктер Нұреш Әліпбековадан алынған, ол 1936 жылы туған, Тарбағатай ауданы Шеңгелді ауылының тұрғыны. Әшекейлер оған анасынан қалған. Оның анасы тегінде дәулетті қазақтардың отбасынан шыққан екен.

ШҚО Тарбағатай ауданының Шеңгелді ауылы

1984 жыл

КП – ҮІ - 15701 / КДМ зсв – 44

№ 408 акт – 1984 жыл


142. Білезік

ХІХ ғасыр ортасы

750 сынамалы күміс, шыны, жақұт

Бедерлеу, керту, сымкәптеу

7,6 х 6,6 х 1,4 (см)

121 г 676 мг

Тілімі жалпақ, қиындысы – жіңішке тікбұрыш, түйіспеген сопақ пішінінде. Шеттерінің бойы ара жүзі тәрізді кертпелермен сәнделген, одан әрі 2 мм ортасына қарай бүкіл айналасының бойымен екі жағынан түзу сызықтар өтеді. Ортасының бойымен ромб тәрізді өрнектердің үздіксіз тізбегі өткен. Бұйымда жарты шар пішіндес бес жапсырма бар, олардың әрқайсысы ширатылған сыммен қоршалған. Екі жақ ұшындағы жарты шарларда көк түсті тастар бар, ортасындағы тас жоқ. Бұйымның ішкі жағы тегіс әрі жылтыр.

Тарбағатай ауданының Шеңгелді ауылы

1984 жыл

КП – ҮІ - 15702 / КДМ зсв – 45

№ 408 акт – 1984 жыл


143. Жұмыр білезік

ХІХ ғасыр соңы

916 сынамалы күміс

Құю, алтын жалату

7,7 х 5,7 х 1,4 (см)

78 г 640 мг

Сопақ пішінді, қиындысы – жіңішке жартылай сопақ, ұштары қосылмаған. Бедерлі өсімдіктік өрнекпен сәнделген. Білезіктің ішкі жағында – қытай шеберінің таңбасы – төрт иероглиф бар.

Көкен Елубаевадан алынған, ол 1927 жылы туған, Орта жүздің “Найман” руынан тарайтын “Сарыжомарт” елінің өкілі. Өткізушінің үйлену тойына сыйлық ретінде анасы берген. Болжаммен, білезік қытай көпестерінен алынған.

ШҚО Ұлан ауданының Асубұлақ кенті

1988 жыл

КП – ХІ - 18544 / КДМ зсб – 174

№ 201 акт – 1988 жыл


144. Білезік

ХІХ ғасыр соңы

600 сынамалы күміс

Шеку, бедерлеу

6,1 х 3,8 х 3,6 (см)

47 г 25 мг

Тілімі жалпақ, ұш жақтарында жоғалған топсалардың ізі бар. Орта тұсы томпақтау келген ұзынша мәнерлі бағаналар тәрізді өрнекпен сәнделген. Шеттері бедерленген және қалыпталған жолақтар: ортасында кішкентай дөңгелекшелері бар жарты дөңгелектерден, ширатылған сымкәптеуге ұқсас екі жолақтан және ұсақ айқас өрнектері бар жалпақ жолақтан тұратын композициямен безендірілген.

№ 144, 145 білезіктерді ҚР Мемлекеттік алтын және бағалы металдар музейі (Астана қаласы) сыйлаған. МАБММ қорына жәдігерлер ККД-ден түскен.

Шығыс Қазақстан

2003 жыл

КП – 34 - 25332/1/ КДМ зсб – 419

№ 22 акт – 2004 жыл

Сыйлық


145. Білезік

ХІХ ғасыр соңы

600 сынамалы күміс

Шеку, бедерлеу

6,1 х 3,5 х 3,6 (см)

47 г 71 мг

Тілімі жалпақ, ұш жақтарында жоғалған топсалардың ізі бар. Орта тұсы томпақтау келген ұзынша мәнерлі бағаналар тәрізді өрнектермен сәнделген. Шеттері бедерленген және қалыпталған жолақтар: ортасында кішкентай дөңгелекшелері бар жарты дөңгелектерден, ширатылған сымкәптеуге ұқсас екі жолақтан және крестик тәрізді ұсақ өрнектері бар жалпақ жолақтан тұратын композициямен безендірілген.

Шығыс Қазақстан

2003 жыл

КП – 34 - 25332/2/ КДМ зсб 3 – 420

№ 22 акт – 2004 жыл

Сыйлық


146. Білезік

ХІХ ғасыр соңы

800 сынамалы күміс

Бедерлеу, қаралау, дәнекерлеу

6,1 х 3,4 х 4,6 х 3,4 (см)

80 г 33 мг

Тілімі жалпақ, дөңгелек ұштары қосылмаған. Орта тұсы өсімдіктік-зооморфтық өрнектермен ауысып отыратын томпақша келген үш жарты сфералық фигуралармен әшекейленген. Білезіктің шеттері сызықтармен және түртпелермен сәнделген.

№ 146, 147 қос білезікті ҚР Мемлекеттік алтын және бағалы металлдар музейі (Астана қаласы) сыйлаған. МАБММ жәдігерлерді Талдықорған қаласының тұрғыны Н.Т.Әбдірешовтен алған.

Батыс Қазақстан

2003 жыл

КП – 34 - 25333/1/ КДМ зсб 3 – 421

№ 23 акт – 2004 жыл

Сыйлық


147. Білезік

ХІХ ғасыр соңы

800 сынамалы күміс

Бедерлеу, қаралау, дәнекерлеу

6,1 х 3,2 х 4,6 х 3,4 (см)

79 г 22 мг

Тілімі жалпақ, дөңгелек ұштары қосылмаған. Орта тұсы өсімдіктік-зооморфтық өрнектермен ауысып отыратын томпақша келген үш жарты сфералық фигуралармен әшекейленген. Білезіктің шеттері сызықтармен және түртпелермен сәнделген.

Батыс Қазақстан

2003 жыл

КП – 34 - 25333/2 / КДМ зсб 3 – 422

№ 23 акт – 2004 жыл

Сыйлық


148. Білезік

ХІХ ғасыр соңы – ХХ ғасыр басы

800 сынамалы күміс

Керту, бедерлеу

6,7 х 4,1 х 3,2 х 1,2 (см)

38 г 766 мг

Тілімі жалпақ, пішіні жүзік тәрізді. Орта бөлігі сопақ пішінді, ұштары қосылмаған. Әшекейдің бет жағында жапырақ пен гүл түріндегі өрнектер, сондай-ақ қазақтың “Күлмара”, “Балтабай”, “Албаныб” деген жалқы есімдері бедерленген (араб қарпімен). Бұйымда оның иесі мен зергердің есімдері белгіленген болу керек.

Өскемен қаласының тұрғыны Бижамал Қарабаевадан алынған, ол 1907 жылы туған, Орта жүздегі “Найман” руының (атасы “Жарты”) өкілі, Ұлан ауданы Ленинка селосының тумасы.

Шебер зергерлік бұйымдарды жасаған кезде әртүрлі техниканы пайдаланған, оның сауатты адам болғаны байқалады.

ШҚО Ұлан ауданының Ленинка селосы

1983 жыл

КП – ІІІ - 13724 / КДМ зсб – 7

№ 261 акт – 1983 жыл


149. Білезік

ХІХ ғасыр соңы – ХХ ғасыр басы

500 сынамалы күміс

Керту

6 х 4,5 х 1,4 х 1,1 (см)

76 г 14 мг

Тілімі жалпақ, сопақ пішінді, жуандау келген ұштары қосылмаған. Үстіңгі беті дүркін-дүркін қайталанып келетін тік томпақтармен, сондай-ақ дөңгелекшелер түріндегі өрнектермен әшекейленген.

Гүлнар Полторанинадан алынған, ол Өскемен қаласының тұрғыны.

Өскемен қаласы

1992 жыл

КП – ХҮІІІ - 20650 / КДМ зсб – 201

№ 20 акт – 1992 жыл


150. Білезік

ХІХ ғасыр соңы – 1905 жыл

750 сынамалы күміс

Соғу, керту

6,6 х 4,6 х 2,6 х 0,9 (см)

34 г 170 мг

Тілімі жалпақ, ұштары қосылмаған. Ортасына қарай пішіні біртіндеп жалпайып, дөңгелек кескінге айналады. Үстіңгі бетінде жартылай өшіп қалған ою-өрнек.

Әзия Рақмашовадан алынған, ол 1930 жылы туған, Ұлан ауданы Ұлан ауылының тумасы. Білезік оған анасынан қалған, анасы 1891 жылы туған, оған жігіті 1905 жылы өздерінің үйлену тойларына орай сыйлапты.

ШҚО Ұлан ауданының Ұлан ауылы

1982 жыл

ГИК – ХХҮІІІ - 11048 / КДМ зсб – 1 – 63

№ 140 акт – 1982 жыл


151. Білезік

ХХ ғасыр басы

600 сынамалы күміс

Бедерлеу

6,2 х 4,5 х 2,9 х 2,3 (см)

51 г 765 мг

Тілімі жалпақ, сопақ пішінді, ұштары дөңгелек. Бұйымдағы өрнек ірі, сабақтар мен жапырақтар түріндегі өсімдік тектес ою-өрнек. Білезіктің жиегінен 0,2 см аралықта бүкіл бойымен жиектік сызық жүргізілген.

№ 151, 152 қос білезік Сабыр Хамитұлы Жүкиннен алынған, ол Семей қаласының тұрғыны. Білезіктерді оның әйеліне жақын туыстары сыйлаған екен.

Семей қаласы

1986 жыл

КП – ІХ - 17303 / КДМ зсб – 148

№ 137 акт – 1986 жыл


152. Білезік

ХХ ғасырдың басы

600 сынамалы күміс

Бедерлеу

6,2 х 4,4 х 2,8 х 2,1 (см)

56 г 881 мг

Тілімі жалпақ, сопақ пішінді, ұштары дөңгелек. Бұйымдағы өрнек ірі, сабақтар мен жапырақтар түріндегі өсімдік тектес ою-өрнек. Білезіктің жиегінен 0,2 см аралықта бүкіл бойымен жиектік сызық жүргізілген.

Семей қаласы

1986 жыл

КП – ІХ - 17304 / КДМ зсб – 149

№ 137 акт – 1986 жыл


153. Білезік

ХХ ғасырдың басы

600 сынамалы күміс

Құю, шеку, бедерлеу

6,2 х 4,4 х 2,2 х 2,1 (см)

114 г 66 мг

Тілімі жалпақ білезік, аң табаны түріндегі жалпақ ұштары қосылмаған. Үстіңгі бет жағы бедерлі өрнекпен әшекейленген, оларды шеттері тісті ромб тәрізді үш фигура құрайды. Негізгі беті ұсақ шығыршықтар түріндегі өрнектерден тұрады.

ҚР Мемлекеттік алтын және бағалы металдар музейі (Астана қаласы) сыйға тартқан. МАБММ қорына әшекей Қарақалпақстаннан келген Әсия Ахметовадан түскен.

Оңтүстік Қазақстан

2003 жыл

КП – 34 - 25336 / КДМ зсб 3 – 425

№ 25 акт – 2004 жыл

Сыйлық


154. Білезік

ХХ ғасырдың басы

800 сынамалы күміс

Бедерлеу, қаралау

5,9 х 4 х 3,5 (см)

36 г 21 мг

Тілімі жалпақ, дөңгелек ұштары қосылмаған. Бет жағы өсімдік тектес өрнекпен әшекейленген. Ортада, сопақ жақтаудың ішінде алты бұрышты жұлдыз бен айдың бейнесі. Ортадағы сопақшаның маңайы “қарға тұяқ” өрнегімен сәнделген. Өрнектің жалпы тұсы ұсақ ирек бедерлерден тұрады. Білезіктің жиектері ұзын бойына параллель сызықтармен безендірілген.

№ 154, 155 қос білезікті ҚР Мемлекеттік алтын және бағалы металдар музейі (Астана қаласы) сыйға тартқан. МАБММ қорына жәдігерлер Ә.Қастеев атындағы МӨМ-нен түскен.

Оңтүстік Қазақстан

2003 жыл

КП – 34 - 25334/2/ КДМ зсб 3 – 424

№ 24 акт – 2004 жыл

Сыйлық


155. Білезік

ХХ ғасырдың басы

800 сынамалы күміс

Бедерлеу, қаралау

6 х 3,9 х 3,5

36 г 67 мг

Тілімі жалпақ, дөңгелек ұштары қосылмаған. Бет жағы өсімдік тектес ою-өрнекпен әшекейленген. Ортада, сопақ жақтаудың ішінде алты бұрышты жұлдыз бен айдың бейнесі. Ортадағы сопақшаның маңайы “қарға тұяқ” өрнегімен сәнделген. Өрнектің жалпы тұсы ұсақ ирек бедерлерден тұрады. Білезіктің жиектері ұзын бойына параллель сызықтармен безендірілген.

Оңтүстік Қазақстан

2003 жыл

КП – 34 - 25334/1/ КДМ зсб 3 – 423

№ 24 акт – 2004 жыл

Сыйлық


156. Білезік

ХІХ ғасыр басы

800 сынамалы күміс

Бедерлеу, шеку

6,1 х 3,6 х 4,7 (см)

48 г 64 мг

Тілімі жалпақ, тісті ұштары қосылмаған және шеттері сәл қайырылған. Бет жағының орта тұсы тегіс ирек (зиг-заг) сызықтармен сәнделген, олардың шоқтықтарының арасында бүршік ұшбұрыштар түріндегі геометриялық өрнектер. Шеттерінде жалған түйіршіктер қатары мен ортасында гүлдері бар ұңғылы ромбиктер. Ұштары төрт батырма дөңгелекпен және гүлді үш ромбпен әшекейленген, әр тісі тамшы тәрізді томпақ фигурамен айшықталған.

№ 156, 157 білезіктерді ҚР Мемлекеттік алтын және бағалы металдар музейі (Астана қаласы) сыйға тартқан.

Оңтүстік Қазақстан

2003 жыл

КП – 34 - 25359/2/ КДМ зсб 3 – 438

№ 35 акт – 2004 жыл

Сыйлық


157. Білезік

ХІХ ғасыр басы

800 сынамалы күміс

Бедерлеу, шеку

6 х 3,6 х 4,7 (см)

47 г 16 мг

Тілімі жалпақ, тісті ұштары қосылмаған және шеттері сәл қайырылған. Бет жағының ортасы тегіс зиг-заг сызықтармен сәнделген, олардың төбелерінің арасында бүршік ұшбұрыштар түріндегі геометриялық өрнектер. Шеттерінде жалған түйіршіктер қатары мен ортасында гүлдері бар ұңғылы ромбиктер. Ұштары төрт батырма дөңгелекпен және гүлді үш ромбпен әшекейленген, әр тісі тамшы тәрізді томпақ фигурамен айшықталған.

Оңтүстік Қазақстан

2003 жыл

КП – 34 - 25359/1/ КДМ зсб 3 – 437

№ 35 акт – 2004 жыл

Сыйлық


158. Білезік

ХХ ғасыр басы

500 сынамалы күміс

Бедерлеу, керту

6,6 х 4,2 х 2,8 х 0,9 (см)

38 г 56 мг

Тілімі жалпақ, сопақ пішінді, орта тұсына қарай жалпайтылған. Ұштары қосылмаған. Бір қатарда орналасқан бес жапырақты гүл түріндегі өсімдік тектес өрнекпен сәнделген. Бір гүл жоғарғы бөлікте бейнеленген, астына білезік иесінің анасы туған “1905” жыл бедерленген. Орта бөлігінде екі жағынан екі кертпе және қос-қостан мәнерлі ойынды бар. Орта бөлігінің шеті бойымен және ұш жақтарындағы гүлдердің арасында бедер байқалады.

№ 158, 159 білезіктер Ф.Р.Рахматуллинадан алынған, ол 1935 жылы туған, Таврия ауданы Тасөткел ауылының тұрғыны. Оның 1905 жылы туған анасы Бәтіш Боранғұлова осы әшекейді оған 1967 жылы сыйлаған. Зергерлік бұйымдарды анасы үшін оның әкесі Құсайын жасаған, ол Төлбиік ауылында ұста болған. Білезіктерде анасы қызына сыйлаған кез – 1967 жыл белгіленген.

ШҚО Таврия ауданы

1992 жыл

КП – ХҮІІІ - 20719/ КДМ зсб – 204

№ 43 акт – 1992 жыл


159. Білезік

ХХ ғасырдың басы

500 сынамалы күміс

Бедерлеу, керту

6,3 х 4,4 х 2,7 х 1 (см)

35 г 49 мг

Тілімі жалпақ, орта тұсына қарай жалпайтылған. Өрнегі өсімдік тектес, бес жапырақты гүл түрінде. Жоғарғы жағында арабша “Құсайын қызы Фәтимә” деген жазу бар және бұл әшекейді анасы қызына сыйлаған кез – “1967” жыл бедерленген. Орта тұсының жиегі бойында және ұштарындағы гүлдердің арасында өшіңкі бедер ізі байқалады. Орта тұсы екі мәнерлі ойындымен және екі жағынан қос сызықшалармен сәнделген.

ШҚО Таврия ауданы

1992 жыл

КП – ХҮІІІ – 20720 / КДМ зсб – 205

№ 43 акт – 1992 жыл


160. Білезік

ХХ ғасыр басы

800 сынамалы күміс

Шеку, тотықтау

6,2 х 4 х 2,8 х 2,3 (см)

72 г 79 мг

Тілімі жалпақ, дөңгелек ұштары қосылмаған. Бет жағы құйын тәріздес үш гүлөрнектен (күн белгісі) тұратын өрнекпен және өсімдіктік-зооморфтық ою-өрнекпен әшекейленген. Негізгі беті күңгірт түйіршікті.

Сәнді композиция түйіршік шеңбермен қоршалған. Білезіктің шеттері мен ұштары тегіс, суретсіз.

№ 160, 161 білезіктерді ҚР Мемлекеттік алтын және бағалы металдар музейі (Астана қаласы) сыйға тартқан. МАБММ қорына әшекейлер С.Иманбаев деген азаматтан түскен.

Шығыс Қазақстан

2003 жыл

КП – 34 - 25335/1 - КДМ зсб 3 – 427

№ 24 акт – 2004 жыл

Сыйлық


161. Білезік

ХХ ғасыр басы

800 сынамалы күміс

Шеку, тотықтау

6,1 х 4,1 х 2,9 х 2,3 (см)

79 г 26 мг

Тілімі жалпақ, дөңгелек ұштары қосылмаған. Бет жағы құйын тәріздес үш гүлөрнектен (күн белгісі) тұратын өрнекпен және өсімдіктік-зооморфтық ою-өрнекпен әшекейленген. Негізгі беті күңгірт түйіршікті.

Сәнді композиция түйіршік шеңбермен қоршалған. Білезіктің шеттері мен ұштары тегіс, суретсіз.

Шығыс Қазақстан

2003 жыл

КП – 34 - 25335/2 / КДМ зсб 3 – 428

№ 24 акт – 2004 жыл

Сыйлық


162. Білезік

ХХ ғасырдың 10-шы жылдары

750 сынамалы күміс

Бедерлеу

6,6 х 4,5 х 2,6 х 1 (см)

44 г 220 мг

Тілімі жалпақ, ұштары қосылмаған. Ортасында – орақ пен балға бейнесі. Сурет екі қатар сынық сызықпен көмкерілген. Білезіктің ұштары да екі сынық сызықпен әшекейленген.

Білезіктің оң және сол жақтарында соғу ізі бар.

Рауза Ахметовадан алынған, ол 1900 жылы туған, Ұлан ауданы Алғабас ауылының тумасы.

Білезік иесінің күйеуін үнқағаздарды сақтағаны үшін 1911 жылы Өскемен қамалына отырғызған. Ол қамал ұстаханасында ұста болып істеген. Сол жерде осы білезікті құны үш сомдық тиын ақшадан жасап, әйеліне берген. Жұбайы айдаудан оралмаған. Әшекей Раузаға күйеуінен ескерткіш ретінде қалған.

ШҚО Ұлан ауданы

1982 жыл

ГИК – ХХҮІІІ - 11045 / КДМ зсб – 69

№ 138 акт – 1982 жыл


163. Білезік

ХХ ғасырдың 10-шы жылдары

500 сынамалы күміс

Соғу

6,2 х 4,3 х 2,6 х 1,3 (см)

34 г 365 мг

Тілімі жалпақ, ортаңғы бөлігі жалпайтылған. Өрнегі өшіңкіреген.

Шәріпжамал Қабдығалиева сыйлаған, ол 1927 жылы туған, Семей қаласының тұрғыны. Әшекей бұрын оның анасынікі болған.

Семей облысы

1986 жыл

КП – ІХ - 17292 / КДМ зсб – 140

№ 132 акт – 1986 жыл

Сыйлық


164. Білезік

1919 жыл

750 сынамалы күміс

Соғу, бедерлеу

6,5 х 4,5 х 1,6 (см)

31 г 540 мг

Тілімі жалпақ, сопақ пішінді, ұштары қосылмаған. Сырт жақ қапталдарына ирек сызық түрінде өрнек жүргізілген. Ортада араб қарпімен қазақтың “Шәмшә”, “Сармадат” деген жалқы есімдері жазылған және “1919” деп жыл белгіленген.

Нұрғазыл Нұриқановадан алынған, ол 1908 жылы туған. Білезік оған 1920 жылы құда түскен кезде сыйланыпты.

ШҚО Ұлан ауданының Алғабас ауылы

1982 жыл

ГИК – ХХҮІІІ - 10865 / КДМ зсб – 52

№ 82 акт – 1982 жыл


165. Білезік

1920 жыл

600 сынамалы күміс

Соғу, керту

6,4 х 4,4 х 2,1 х 0,9 (см)

23 г 604 мг

Тілімі жалпақ, бұйымның тілімі ортасына қарай жалпайып, сопақ пішінге айналады, ұштары қосылмаған.

Нұрғайса Мұсабековадан алынған, ол 1916 жылы туған, Ұлан ауданы Ұлан ауылының тұрғыны. Білезік 1920 жылы қазақ зергерінің дүкенінен сатып алынған.

ШҚО Ұлан ауданының Ұлан ауылы

1982 жыл

ГИК – ХХҮІІІ - 11049 / КДМ зсб – 1 – 64

№ 141 акт – 1982 жыл


166. Білезік

ХХ ғасырдың 20-шы жылдары

600 сынамалы күміс

Соғу

7,5 х 6 х 2,2 х 1,2 (см)

34 г 048 мг

Тілімі жалпақ, ортасына қарай кеңейтіліп сопақ пішінге айналған, онда екі жағынан үш-үштен тіс бар. Үстіңгі бетінің қалған жері суретсіз, тегіс. Ұштары дөңгелек.

Бәкіш Кәкиевадан алынған, ол Ұлан ауданы Бестерек ауылында тұрған.

ШҚО Ұлан ауданының Бестерек ауылы

1985 жыл

КП – ҮІІ - 15980 / КДМ зсб – 116

№ 44 акт – 1985 жыл


167. Білезік

ХХ ғасырдың 20-шы жылдары

500 сынамалы күміс

Құю, керту

6,5 х 4,9 х 1,2 (см)

61 г 689 мг

Тілімі жалпақ, қиындысы – жіңішке тікбұрыш, сопақ пішінді, ұштары қосылмаған. ШҚО әшекейлеріне тән зооморфтық “құс” өрнегімен бедерленген.

Баян Құсайынұлы Құсайыновтан алынған, ол 1928 жылы туған, Ұлан ауданы Точка ауылының тұрғыны.

ШҚО Ұлан ауданының Точка ауылы

1986 жыл

КП – ҮІІІ - 16699 / КДМ зсб – 133

№ 15 акт – 1986 жыл


168. Білезік

ХХ ғасырдың 20-шы жылдары

500 сынамалы күміс

Керту

6,4 х 4,9 х 1,2 х 0,9 (см)

27 г 892 мг

Тілімі жалпақ, ұштары қосылмаған. Бұйым екі жақ ұштарынан ромбиктер түріндегі өрнектермен сәнделген, орта тұсы көптеген ирек сызықтармен әшекейленген.

Айман Нұрғазиновадан алынған, ол 1940 жылы туған, Асубұлақ кентінің тұрғыны. Білезік оның енесі Биәш Жадринованікі болған, ол 1900 жылы туған, ол үшін ата-анасы арнайы тапсырыспен 1920 жылы жасатқан.

ШҚО Ұлан ауданының Асубұлақ кенті

1988 жыл

КП – Х - 8311 / КДМ зсб – 173

№ 106 акт – 1988 жыл


169. Білезік

1928 жыл

750 сынамалы күміс

Бедерлеу

6,6 х 5,1 х 2,4 х 1,6 (см)

24 г 638 мг

Тілімі жалпақ, жіңішкертілген ұштары қосылмаған. Әшекейдің бір ұшында – ілмек, екінші ұшында – ілгек. Білезіктің үстіңгі беті өсімдіктік өрнекпен безендірілген. Ішкі жағында “5” және “6” сандары белгіленген, өңдеуден қалған із байқалады.

№ 169, 170 білезіктер Мәруа Күскібаевадан алынған, ол 1910 жылы туған, Ұлан ауданы Ұлан ауылының тұрғыны. 1928 жылы Рамазан зергер жасаған және сол жылы білезік иесіне сыйланған.

ШҚО Ұлан ауданының Ұлан ауылы

1982 жыл

ГИК – ХХҮІІІ - 11046 / КДМ зсб – 1 – 61

№ 139 акт – 1982 жыл


170. Білезік

1928 жыл

875 сынамалы күміс

Бедерлеу

6,9 х 4,9 х 2,4 х 1,5 (см)

24 г 025 мг

Тілімі жалпақ, ұштары қосылмаған, жіңішкертілген. Әшекейдің бір жақ ұшында – ілмек, екінші жақ ұшы ілгек түрінде жоғары қарай қайырылған. Білезіктің бүкіл үстіңгі беті ірі өсімдіктік өрнектермен әшекейленген. Сурет тегіс, негізгі беті ұсақ иректермен айшықталған.

ШҚО Ұлан ауданының Ұлан ауылы

1982 жыл

ГИК – ХХҮІІІ - 11047 / КДМ зсб – 1 – 62

№ 139 акт – 1982 жыл


171. Білезік

ХХ ғасырдың 30-шы жылдары

500 сынамалы күміс

Соғу, бедерлеу, керту

6 х 3 х 0,9 (см)

18 г 113 мг

Тілімі жалпақ, ұштары қосылмаған. Сыртқы үстіңгі беті шетінен 0,2 см аралықта орналасқан екі жолақпен безендірілген. Жолақтардан шетіне қарай қисық кертпелер өтеді. Екі жақ ұшында жолақтардың арасында шебердің есімі және “Әлия бике” деген есім, иесінің аты болуы мүмкін, жазылған (араб қарпімен).

Нағима Мейірбаевадан алынған, ол 1926 жылы туған, Меновное кентінің тұрғыны.

Білезікті жасөспірім қыз үшін Нұриман шебер жасаған, бұл туралы көлемі мен материалы бойынша болжам жасауға болады. Білезік әшекейден гөрі, ойыншық ретінде пайдаланылған болу керек.

Өскемен қаласының Меновное кенті

1983 жыл

КП – ІІІ - 13677 / КДМ зсб – І – 59

№ 232 акт – 1983 жыл

Сыйлық


172. Білезік

ХХ ғасыр ортасы

500 сынамалы күміс

Бедерлеу, шекіме бедерлеу, кіреукелеу

6,1 х 4,7 х 3,1 х 2,3 (см)

42 г 185 мг

Тілімі жалпақ, енді, ұштары қосылмаған. Бұйымның ұштары сүйір, ирек сұлбалы, ортасында шағын дөңелектері бар бес бұрышты жұлдыз суретімен әшекейленген. Ортасында диаметрі 2,2 см шеңберде орналасқан алты күлтелі гүл түріндегі өрнек. Нүктелермен көмкерілген шеңберден төрт жапырақ тарайды. Білезік екі жағынан симметриялы орналасқан үшбұрышты тіліктермен әшекейленген, олар бедерлі сызықтармен өңделген.

ІІБ СМҰКБ шұғыл уәкілі, капитан А.И.Сапалев сыйлаған. Алу жолымен (ерікті түрде тапсыру) түскен.

Шығыс Қазақстан

1987 жыл

КП – ІХ - 17783 / КДМ зсб – 161

№ 104 акт – 1987 жыл

Сыйлық


173. Білезік

ХХ ғасыр ортасы

800 сынамалы күміс

Соғу, керту

6,6 х 4,8 х 1,5 (см)

38 г 662 мг

Тілімі жалпақ, үстіңгі бетіне ортасында үш гүлі бар тісті-доғалы қалыптама, бұйымның дөңгелек ұштарында осындай бес жапырақты гүлі бар гүлөрнектер.

Жәмеш Тарпановадан алынған, ол 1894 жылы туған, Орта жүздегі “Керей” руының өкілі, елі “Жастабан”, арғы атасы “Аңдағұл”, бергі атасы “Байгерей”, Зайсан ауданы Жастабан ауылының тумасы.

Білезікті оның Жамбыл облысында тұратын жамағайының құдалары 1975 жылы Жәмеш Тарпановаға сыйлаған екен. Қазақ дәстүрі бойынша күйеу жігіттің туыстары қалыңдықты алып кетуге келгенде, олар қалыңдықтың жақындарына сыйлық жасайды. Тарпанова бір атаның құрметті адамы болғандықтан оған білезік сыйланған.

Жамбыл облысы

1981 жыл

ГИК – ХХҮІ - 9439 / КДМ зсб – 49

№ 121 акт – 1981 жыл


174. Білезік

ХХ ғасырдың ортасы

600 сынамалы күміс

Қалып, бедерлеу

6,2 х 4,2 х 4,2 х 2,3 (см)

44 г 36 мг

Тілімі жалпақ, дөңгелек ұштары жіңішкертілген. Орта тұсы “тармақты мүйіз” өрнегімен, шеттері ромб тәрізді және жалған бүршікті үшбұрыш түріндегі өрнектермен сәнделген. Ортасында – шығыңқы қаспен көмкерілген қызыл қоңыр жақұт.

№ 174, 175 қос білезікті ҚР Мемлекеттік алтын және бағалы металдар музейі (Астана қаласы) сыйлаған.

МАБММ қорына әшекейлер Астрахань қаласының тұрғыны А.Нұрмағамбетовтен 1997 жылы түскен.

Оңтүстік Қазақстан

2003 жыл

КП – 25337/КДМ зсв 1 – 159

№ 26 акт – 2004 жыл

Сыйлық


175. Білезік

ХХ ғасыр ортасы

600 сынамалы күміс

Қалып, бедерлеу

6,3 х 4,2 х 4,4 х 2,4 (см)

45 г 21 мг

Тілімі жалпақ, дөңгелек ұштары жіңішкертілген. Орта тұсы “тармақты мүйіз” өрнегімен, шеттері ромб тәрізді және жалған бүршікті үшбұрыш түріндегі өрнектермен сәнделген. Ортасында – шығыңқы қаспен көмкерілген қызыл қоңыр жақұт.

Оңтүстік Қазақстан

2003 жыл

КП – 25338 / КДМ зсв 1 – 160

№ 26 акт – 2004 жыл

Сыйлық


176. Білезік

ХІХ ғасыр ортасы

800 сынамалы күміс

Қалып, бедерлеу

6 х 4,4 х 3,7 х 2,8 (см)

40 г 73 мг

Тілімі жалпақ, ортасына қарай біртіндеп жалпая түскен. Ұштары қосылмаған, дөңгелек. Бет жағы зооморфтық-өсімдіктік өрнектермен сәнделген, негізгі беті ұсақ дөңгелектер түріндегі өрнектерден тұрады. Жиектері ені 0,2 см болатын домалақ ернеу тәрізді қайырылған. Шетінің бойымен түзу сызықтар мен сызықшалар жүргізілген.

ҚР Мемлекеттік алтын және бағалы металдар музейі (Астана қаласы) сыйлаған.

Оңтүстік Қазақстан

2003 жыл

КП – 25355 / КДМ зсб 3 – 436

№ 33 акт – 2004 жыл

Сыйлық

Беттің басына© 2010 Шығыс – Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығы