Шығыс – Қазақстан облыстық
сәулет-этнографиялық және
табиғи-ландшафтық
мұражай-қорығы

МҰРАЖАЙ-ҚОРЫҚТЫҢ ҚОРЫНДАҒЫ ТІЗІМДЕМЕЛЕР


Қазақтардың зергерлік әшекейлері

Шашбаулар

31. Шолпы

ХХ ғасырдың І жартысы

800, 500 сынамалы күміс, тастар, бағалы емес металл

Сымкәптеу, дәнекерлеу, алтын жалату

22 х 5,3 (см)

138 г 35 мг

Негізгі үш бөлшектен және салпыншақ ретіндегі төрт тиын теңгелерден тұрады.

Бөлшектер мен тиын теңгелер бір-бірімен ілмек және шығыршықтар арқылы жалғанған. Бірінші бөлшек (қапсырма фрагменті) сопақ пішінді, тұтас жақтаудағы ақықпен әшекейленген, ол көгілдір және жасыл түсті он бес перуза таспен көмкерілген. Сырт жағында ілгек және екі тесікті тілім бар, олар өзара металл тіліктермен қосылған.

Екінші бөлшек ромб пішінінде, торкөзді сымкәптеу техникасында орындалған, ортасында – ақық тас. Екі жағынан тиын теңгелер (І Александр патшалығы тұсындағы 1818 жылғы елутиындық (полтина) пен 1820 жылғы елутиындық) ілінген.

Үшінші бөлшек ромб пішінінде, торкөзді сымкәптеу техникасында орындалған, ортасында жақтаулы ақық, екі жағынан шығыршықтарға тиын теңгелер ілінген (Елизавета патшалығы тұсындағы бір сом мен елутиындық).

Әшекей Невзоровтар отбасы атындағы мұражайдың Көркемөнер салонында сатып алынған.

Семей қаласы

2001 жыл

КП – 26 - 23427 / КДМ зсб 1 – 137

№ 102 акт – 2001 жыл


32. Шашбау

ХХ ғасыр басы

600 сынамалы күміс, металл

Қалыптау, өру

55 х 2 (см)

75 г 52 мг

Төрт қырлы етіп күрделі өрілген қос шынжырша болып келеді, ол жапырақшалар тәрізді бөлшектерге екі жағынан жалғағыш шығыршықтар арқылы бекітілген.

Жапырақ тәрізді бөлшектердің жоғарғы бөлігіне ілмектер дәнекерленген, оларға шығыршықтар енгізілген. Жапырақ тәрізді бөлшектердің шеттері жалған түйіршіктер қатарымен әшекейленген, ортасында – дөңес “жапырақ” өрнегі.

ҚР Мемлекеттік алтын және бағалы металлдар музейі (Астана қаласы) сыйлаған.

Оңтүстік Қазақстан (болжаммен)

2003 жыл

КП – 34 - 25360 / КДМ зсв 1 – 172

№ 35 акт – 2004 жыл

Сыйлық

Беттің басына© 2010 Шығыс – Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығы