Шығыс – Қазақстан облыстық
сәулет-этнографиялық және
табиғи-ландшафтық
мұражай-қорығы

МҰРАЖАЙ-ҚОРЫҚТЫҢ ҚОРЫНДАҒЫ ТІЗІМДЕМЕЛЕР


Қазақтардың зергерлік әшекейлері

Шекеліктер

3 – 4. Шекелік

ХІХ ғасыр соңы

600, 750, 875 сынамалы күміс (1). 500, 875 сынамалы күміс (2)

Қалыптау, өру, ию, дәнекерлеу, бұрау

17 х 5,3 (см)

44 г 24 мг (1)

17 х 5,4 (см)

42 г 32 мг (2)

Олардың әрқайсысы ілгек түріндегі сырғалықтан және қозғалмалы етіп жалғанған екі бөліктен тұрады. Жоғарғы бөлігі ромб пішінінде, төменгі салпыншақ күрделі пішінді келген.

Сырғалықтың түп жағына металл сым оралған.

Жоғарғы ромб тәрізді бөлігі мәнерлендірілген жеті күлтелі гүлмен сәнделген. Екі жағынан ромбқа ілмектер бекітілген, оларға ұштарында көлемді жапырақ тәрізді салпыншақтары бар шынжырбаулар (ұзындығы 6,9 см) ілінген. Салпыншақтардағы өрнектер доға түрінде берілген.

Төменгі салпыншақ бірнеше элементтерден құралған күрделі фигура түрінде. Орталық бөлігі ромб түріндегі және екі жапырақ түріндегі бөлшектерден тұрады. Жапырақ түріндегі екі элементтің қосылған жерінде ортасында алтыкүлтелі гүлі бар спираль түріндегі екі дөңгелек екі жақтан орналасқан. Дөңгелектерге оралған сымның ұшы ортадағы жапырақ тәрізді бөлшекке дәнекерленген. Жоғарғы ромбтан дөңгелектерге қарай ұштарында томпақ домалақтары бар мәнерлі негіздер екі жақтан өтеді.

Әшекейлер екіжақты болып келген, бедерлі өрнектері бар.

Кәсіби зергер әрі коллекционер Бәшіров Сержан Мұратұлынан алынған, ол 1964 жылы туған, Алматы қаласының тұрғыны, ШҚО Тарбағатай ауданының тумасы.

Батыс Қазақстан

2005 жыл

КП – 40 - 26969/1 / КДМ зсб 3 – 471

КП – 40 -26969/2 / КДМ зсб 3 – 472

№ 134 акт – 2005 жыл


5 – 6. Шекелік

ХХ ғасыр басы

500 сынамалы күміс

Ию, түйіршік, қалыптау, дәнекерлеу

8,7 х 3,8 (см)

13 г 49 мг (КДМ зсб – 361)

9 х 3,8 (см)

13 г 98 мг (КДМ зсб – 362)

Ілмек түріндегі сырғалықтан және күрделі фигура түріндегі негізгі бөліктен тұрады. Әшекейдің жоғарғы жағы ромб түрінде, төменгі жағы үш спираль тәрізді дөңгелек түрінде.

Сырғалықтың төменгі тұсына сым оралған.

Шоқтығының жоғарғы бөлігі бұдырлы тік жолақтармен сәнделген. Одан қарай түйіршік пен ширатпадан тұратын шеңбердегі гүл түріндегі өрнегі бар екіжақты ромб тәрізді тілім кетеді. Ромб түріндегі тілім үстінен және астынан бедерлі екі жолақпен белгіленген. Екіжақты ромб тәрізді тілімнен бет жағында гүл түрінде өрнегі бар ромб тәріздес шағын бөлшек кетеді. Бүйір жақтарының төбесінен табанына қарай жоғарғы жағында екі кішкентай ілмекке айналатын екі негіз түйіскен, олар гүлді өрнектері бар екі дөңгелек бөлшектермен әшекейленген. Негіздің астына қарай олар спираль түріндегі екі дөңгелекке ауысады. Үшінші негіз әшекейдің ортасы арқылы спираль тәрізді үшінші дөңгелек жасай отырып өтеді. Үш спиральдің орталық бөліктерінің бет жағы түйіршіктерден тұратын гүлді өрнектері бар дөңгелек тілімдермен сәнделген.

Екінші әшекей (КДМ зсб – 361) осы бірінші данаға ұқсас, бірақ жоғалғандары бар: жоғарғы қапталдардағы ілмектердегі дөңгелек тілімдер мен ұшындағы бұдырлы жолақтың бір бөлігі жоқ.

Кәсіби зергер әрі коллекционер Бәшіров Сержан Мұратұлынан алынған, ол 1964 жылы туған, Алматы қаласының тұрғыны, ШҚО Тарбағатай ауданының тумасы.

Батыс Қазақстан (шашамен)

2002 жыл

КП – 28 - 24176 / КДМ зсб – 361

КП – 28 - 24177 / КДМ зсб - 362

№ 169 акт – 2002 жыл

Беттің басына© 2010 Шығыс – Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығы