Шығыс – Қазақстан облыстық
сәулет-этнографиялық және
табиғи-ландшафтық
мұражай-қорығы

МҰРАЖАЙ-ҚОРЫҚТЫҢ ҚОРЫНДАҒЫ ТІЗІМДЕМЕЛЕР


Қазақтардың зергерлік әшекейлері

Сырғалар

7 – 8. Сырға

ХҮІІІ ғасырдың ІІ жартысы

875 сынамалы күміс (имегі, жоғарғы тілімі), 916 сынама (негізі, салпыншақтары), 925 сынама (төменгі тілімі), тас

Ию, қалыптау, батырма, алтын жалату, керту

13 х 3 (см)

17 г 01 мг (КДМ зсв 1 – 98)

13,8 х 3(см)

17 г 67 мг (КДМ зсв 1 – 99)

S-үлгілі ілгектен, мәнерлі конфигурациялы негізгі бөліктен және екі салпыншақтан тұрады.

Ілгек S-үлгісінде, түп жағында цилиндр пішінді тоқсары түсті тас. Негізгі бөлігі арқылы өтетін металл өзекке имек бекітілген.

Негізгі өзектің жоғарғы тұсына сым оралған.

Негізгі бөлігі қуыс, бедерлі өрнегі бар екі тілімнен жасалған, алтын жалатылған. Өрнек түрі – “қошқар мүйіз”. Өрнекте кертік бар. Орталық қуыс бөлшектің сұлбасы сырғаның өрнегін қайталайды. Негізгі бөліктің төменгі жағына қызыл түсті тас бекітілген. Өзектің төменгі тұсында – тоқсары түсті цилиндр пішіндес тас. Одан барып өзек сегіздік түріндегі ілмекке айналады, оған тас орнатылған екі салпыншақ бекітілген.

Алмагүл Құсайыновадан алынған, ол 1963 жылы туған, Ұлан ауданы Асубұлақ кентінің тумасы. Сырға оның енесі Рәзия Кенжебаеванікі, ол 1926 жылы туған, руы “Найман”, елі “Ақ найман”, Күршім ауылының тұрғыны. Сырға анасынан қызына өтіп отырған. Тапсырыс бойынша ХҮІІІ ғасырда жасалған. Шеберге еңбегінің ақысы ретінде түйе берген.

ШҚО Күршім ауданы

1995 жыл

КП – 20 - 21558/1 / КДМ зсв 1 – 98

КП – 20 - 21558/2 / КДМ зсв 1 – 99

№ 7 акт – 1995 жыл


9 – 10. Сырға

ХІХ ғасыр

875 сынамалы күміс

Қалыптау, өру

8,3 х 2,3 (см)

9 г 66 мг (КДМ зсб – 433)

8,1 х 2,3 (см)

8 г 20 мг (КДМ зсб – 434)

Ілгек түріндегі сырғалықтан, үшбұрышты тілім түріндегі негізгі бөліктен, шынжырбаулардағы үш салпыншақтан тұрады.

Сырғалық үшбұрышты жалпақ тілімге дәнекерленген.

Үшбұрышты тілімнің ортасы гүлшанақ түрінде қалыпталған дөңес өрнекпен, ал шеттерінің бойы – қалып арқылы салынған жолақпен сәнделген. Орталық бөлшектің төменгі жағында – үш ілмек. Ілмектерге шынжырбаулар арқылы тамшы тәрізді қуыс салпыншақтар бекітілген, олардың бүйір жақтары жартышеңберлермен әшекейленген.

ҚР Мемлекеттік алтын және бағалы металлдар музейі (Астана қаласы) сыйлаған.

Оңтүстік Қазақстан облысы

2003 жыл

КП – 34 - 25349/1, 2 / КДМ зсб – 433, 434

№ 32 акт – 2004 жыл

Сыйлық


11 – 12. Сырға

ХІХ ғасыр соңы

500, 800, 875 сынамалы күміс, тас

Батырма, қалыптау

10 х 2,5 (см)

7 г 503 мг (КДМ зсв 1 – 69)

10 х 2,5 (см)

7 г 635 мг (КДМ зсв 1 – 70)

Ілгек түріндегі сырғалықтан, ромб пішінді негізгі бөліктен және үш салпыншақтан тұрады.

Негізгі бөлік ромб пішіндес, қуыс, қалып арқылы түсірілген гүл түріндегі өсімдік сипатты өрнекпен әшекейленген. Орталық бөліктің үсті мен асты қызыл моншақтармен безендірілген. Сырғаның төменгі бөлігі ширатылған сыммен бекітілген үш тоқсары моншақпен әшекейленген.

Жамал Рамазановадан сатып алынған, ол 1926 жылы туған, елі “Тоғанас”, Ұлан ауданының Ақши ауылының тумасы. Сырғаны Жамалдың әкесі Нұрсадық Әшімжанов сатып алған, оның елі “Тоғанас”.

ШҚО Ұлан ауданының Бестерек ауылы

1988 жыл

КП – 11 -18549 / КДМ зсв 1 – 69

КП – 11 -18549 / КДМ зсв 1 – 70

№ 202 акт – 1988 жыл


13 – 14. Сырға

ХХ ғасыр басы

875 сынамалы күміс

Қалыптау, өру, ию, шекіме

16,2 х 27 (см)

16 г 22 мг (КДМ зсб – 431)

14 г 9 мг (КДМ зсб – 432)

Ілгек тәрізді сырғалықтан, қоңырау пішінді негізгі бөлік пен шынжырбаулардағы үш салпыншақтан тұрады.

Ілгек түріндегі сырғалық біртіндеп негізгі бөлікке ауысады.

Негізгі бөлік – қоңырау пішінді тілім. Негізгі бөлшектің жоғарғы бөлігі сопақ болып келген, ол сопақ дөңес қапсырмамен әшекейленген. Сопақ жалпақ ұзын өзекке ауысады. Өзек ортасында нүктесі бар тоғыз дөңгелекше батырмамен әшекейленген, олар бір қатарға түзілген. Өзек біртіндеп жалпайып, үшбұрыш пішінге енеді. Сырғаның үшбұрышты бөлігі тамшы пішінді екі дөңес жапсырмамен әшекейленген.

Тілімнің төменгі бөлігіне күрделі өрілген үш шынжырбау ілмектер мен біріктіргіш шығыршықтар арқылы бекітілген, олардың ұштарында найза пішінді салпыншақтары бар. Салпыншақтар екі тілімнен дәнекерленген – жоғарғысы көлемді, оның үстіңгі жағында дөңес үш жолақтары бар, төменгісі сәл ойыс.

ҚР Мемлекеттік алтын және бағалы металлдар музейі (Астана қаласы) сыйлаған.

Батыс Қазақстан (болжаммен)

2003 жыл

КП – 34 - 25348/1 / КДМ зсб 3 – 431

КП – 34 - 25348/2 / КДМ зсб 3 – 432

№ 32 акт – 2004 жыл

Сыйлық


15 – 16. Сырға

ХХ ғасырдың І жартысы

800, 875 сынамалы күміс

Түйіршік, ию, дәнекерлеу

9 х 2,4 (см)

8 г 60 мг (КДМ зсб 3 – 468)

9,4 х 2,4 (см)

8 г 64 мг (КДМ зсб 3 – 469)

Ілгек түріндегі сырғалықтан және жапырақ пішіндес негізгі торкөзді бөліктен тұрады.

Имектің (сырғалықтың) табаны жалаң қабат сыммен, одан әрі ширатылған сыммен төрт айналдыра оралған.

Имекті құрайтын өзек төмен қарай өтеді және жапырақ тәрізді екі фигурадан тұратын негізгі бөліктің өрнекті композициясының кіндігі болып табылады. Жоғарғысы, көлемі үлкенірек, ұштарында бұрамалары бар S-тәрізді екі өзектен жасалған (“қазмойын” өрнегінің бір түрі). Төменгі бұрамалардың ұштары домалақ түйіршіктермен әшекейленген. Өзектердің ішкі жақтары бір шоғыр түйіршіктермен безендірілген, әр жағында үш-үштен.

Төменгі элемент үшбұрыш пішінінде, ұштарында мүйіз түріндегі бұрамалары бар (“түйетабан” өрнегінің бір түрі). Өзектердің ішкі беттері екі жағынан қос домалақ түйіршіктермен безендірілген.

Негізгі бөлік элементтерінің қосылған жерінде екі домалақ түйіршік бар.

Кәсіби зергер әрі коллекционер Бәшіров Сержан Мұратұлынан алынған, ол 1964 жылы туған, Алматы қаласының тұрғыны, ШҚО Тарбағатай ауданының тумасы.

Өзбекстан. Навойи облысының Тамды ауданы

2005 жыл

КП – 40 - 26965/1/ КДМ зсб 3 – 468

КП – 40 - 26965/2 / КДМ зсб 3 – 469

№ 133 акт – 2005 жыл


17. Сырға

ХХ ғасырдың І жартысы

875 сынамалы күміс, шыны

Қалыптау, батырма, ию

10 х 1,8 (см)

6 г 518 мг

Гүл түріндегі негізгі бөліктен және үш салпыншақтан тұрады.

Жоғарғы бөлігі – жоғарғы жағында ширатылған сымнан жасалған ілмегі бар өзек іспеттес, ол негізгі бөлшек арқылы өтіп, бүкіл әшекейдің арқауына айналады.

Негізгі ортаңғы бөлігі қуыс, пішіні бойынша сегізкүлтелі гүлді елестететін өзара дәнекерленген екі дөңес тілімдерден тұрады, әр күлтеде бесбұрышты жұлдыз бедерленген. Негізгі бөліктің жоғарғы және төменгі жағы жасыл мөлдір шыны моншақтармен безендірілген, олар өзекке тізілген.

Сырғаның төменгі бөлігі үш шығыршық жасайтын мәнерлі иілген сымнан тұрады, оларға ұштарында жасыл мөлдір шыны моншақтары бар ширатылған сымнан жасалған үш салпыншақ орнатылған.

Сырғалығы жоқ.

Нұрғазыл Нұриқановадан сатып алынған, ол 1908 жылы туған. Сырғаны ХХ ғасырдың бірінші жартысында Нұриқанованың тапсырысы бойынша жергілікті зергер жасаған. Еңбегі үшін екі қой берген (екі жұп сырға болған).

ШҚО Ұлан ауданының Алғабас ауылы

1982 жыл

ГИК – 28 - 10867 / КДМ зсв 1 – 13

№ 82 акт – 1982 жыл


18. Сырға

ХХ ғасырдың І жартысы

500 сынамалы күміс, шыны

Қалыптау, батырма, ию

7,5 х 2 (см)

7 г 613 мг

Негізгі бөліктен және екі салпыншақтан тұрады.

Жоғарғы бөлігі ширатылған сымнан жасалған өзек, жоғарғы жағында ілмегі бар. Өзек бүкіл әшекей арқылы өтеді.

Негізгі бөлігі қуыс, айқас пішінді, өзара дәнекерленген екі тілім болып келген, тамшы тәріздес томпақ өрнектермен әшекейленген. Негізгі бөліктің жоғарғы және төменгі жағы қырлы мөлдір шыныдан жасалған ақ моншақтармен әшекейленген, олар өзекке тізілген.

Сырғаның төменгі бөлігі сегіздік тәрізді етіп мәнерлі иілген сымнан тұрады, ол екі шығыршықты құрайды, оларға ширатылған сымнан жасалған, ұштарында қызыл түсті моншақтары бар екі өзек бекітілген.

Сырғалығы жоқ.

Нұрғазыл Нұриқановадан сатып алынған, ол 1908 жылы туған. Сырғаны ХХ ғасырдың бірінші жартысында Нұриқанованың тапсырысы бойынша жергілікті зергер жасаған. Еңбегі үшін екі қой берген (екі жұп сырға болған).

ШҚО Ұлан ауданының Алғабас ауылы

1982 жыл

ГИК – 28 -10868 / КДМ зсв 1 – 14

№ 82 акт – 1982 жыл


19 – 20. Сырға

1920 жыл

700 сынамалы күміс, тас

Қалыптау, батырма, ию

9,5 х 4,8 (см)

7 г 755 мг (КДМ зсв 1 – 71)

9,5 х 5,1 (см)

7 г 699 мг (КДМ зсв 1 – 72)

Әрқайсысы фигуралы сырғалықтан және сопақ пішінді негізгі бөліктен тұрады.

Сырғалығы сым, „шырша” түрінде иілген.

Негізгі бөлігі сопақ пішінді, алтын жалатылған, қуыс, қалыптау техникасында орындалған және өсімдіктік дөңес өрнекпен әшекейленген. Негізгі бөліктің екі жағында сопақ пішінді қызыл тастары бар.

Зайсан ауданы Мұжықсу ауылының тұрғыны Күлсін Қоқаевадан алынған, ол 1918 жылы туған, Орта жүздегі “Найман” руы “Тұзақшы” елінен, аталары “Төресары”. Сырға әкесінен қалған, ол бұл әшекейлерді зергерге жасатқан.

ШҚО Зайсан ауданының Мұжықсу ауылы

1989 жыл

КП – 11 - 18677/1 / КДМ зсв 1 – 71

КП – 11 - 18677/2 / КДМ зсв 1 – 72

№ 20 акт – 1989 жыл


21 – 22. Сырға

1920 жыл

800, 600 сынамалы күміс

Қалыптау, ию

7,7 х 3,2 (см)

5 г 89 мг (КДМ зсб 2 – 211)

7,8 х 3,3 (см)

5 г 60 мг (КДМ зсв 2 – 212)

Әрқайсысы мәнерлі сырғалықтан және тамшы тәрізді негізгі бөліктен тұрады.

Сырғалығы сым, пішіні ілмек тәрізді. Сымның бір ұшы орталық бөлшек арқылы өтеді, одан шыға бере сегіздік пішінінде бұралған. Негізгі бөлігі тамшы пішінді, қуыс, өзара дәнекерленген екі жартыдан тұрады.

Советхан Сайытнұрханов сыйлаған, ол 1935 жылы туған, Марқакөл ауданы Сорвенок ауылының тумасы. Оған әжесі Сыйбала Жәдігеровадан (1878 – 1984) қалған.

ШҚО Марқакөл ауданының Сорвенок ауылы

1989 жыл

КП – 13 -19156/1 / КДМ зсб 2 – 211

КП – 13 -19156/2 / КДМ зсб 2 – 212

№ 211 акт – 1989 жыл

Сыйлық


23 – 24. Сырға

1920 жыл

916 сынамалы күміс

Соғу, керту

3,2 х 2,2 (см)

4 г 05 мг (КДМ зсб 1 – 182)

3,5 х 2,2 (см)

3 г 85 мг (КДМ зсв 1 – 183)

Әрқайсысы доға тәрізді сырғалықтан және ай түріндегі (“ай сырға”) негізгі бөліктен тұрады, ол екі жағынан терең кертпемен әшекейленген, өрнегі – “ай”.

Сақғазы Қырбаевадан сатып алынған, ол Катонқарағай ауданы Катонқарағай ауылының тұрғыны. Зергер – Жібітай шебер.

ШҚО Катонқарағай ауданының Катонқарағай ауылы.

1989 жыл

ГИК – 27 - 10-18762 / КДМ зсб 1 – 182

ГИК – 27 - 10-18762 / КДМ зсб 1 – 183

№ 59 акт – 1989 жыл


25 – 26. Сырға

ХХ ғасырдың 30-40-шы жылдары

875 сынамалы күміс

Қалыптау, керту

5,2 х 3,7 (см)

6 г 94 мг (КДМ зсб 3 – 429)

5,2 х 3,7 (см)

7 г 56 мг (КДМ зсб 3 – 430)

Доға тәрізді сырғалықтан және ай түріндегі негізгі бөліктен тұрады („ай сырға”).

Әрқайсысы ай пішінінде (“ай сырға”). Жоғарғы бөлігінде бесбұрышты жұлдыз ойылған. Тілімнің төменгі тұсы екі жағынан дөңес дөңгелек гүлөрнекпен көркемделген. Тілімнің жоғарғы бөліктеріне ілмектер дәнекерленген, оларға доға тәрізді ілгек қозғалмалы етіп бекітілген. Тілімнің бүкіл беті мен жұлдыздары зигзаг тәріздес кертпелермен безендірілген.

ҚР Мемлекеттік алтын және бағалы металлдар музейі (Астана қаласы) сыйлаған.

Оңтүстік Қазақстан (болжаммен)

2003 жыл

КП – 34 - 25347/1,2 / КДМ зсб 3 – 429, КДМ зсб 3 – 430

№ 34 акт – 2004 жыл

Сыйлық


27 – 28. Сырға

ХХ ғасырдың 50-ші жылдары

875 сынамалы күміс

Соғу, керту

4,5 х 2,8 (см)

4 г 365 мг (КДМ зсб 1 – 168)

4,5 х 2,8 (см).

3 г 630 мг (КДМ зсб 1 – 169)

Доға тәрізді сырғалықтан және ай түріндегі негізгі бөліктен тұрады („ай сырға”).

Негізгі бөлігі екі жағынан ай түріндегі өрнектермен және алты жұлдызбен әшекейленген. Сұлбасының бойында – кертпе.

Сырға Жамал Қалиевадан сатып алынған, ол 1920 жылы туған, оның өтініші бойынша Ұлан ауданының Точка ауылындағы Төлебай шебер білезіктен соққан, білезік бұрын Қалиеваның анасынікі болған.

ШҚО Ұлан ауданының Точка ауылы

1988 жыл

КП – 10 -18170/1 / КДМ зсб 1 – 168

КП – 10 -18170/2 / КДМ зсб 1 – 169

№ 66 акт – 1988 жыл


29. Сырға бөлшегі

ХІХ ғасыр соңы

600 сынамалы күміс

Қалыптау

7,3 х 2,5 (см)

8 г 80 мг

Ілгек пішінді сырғалық пен ромб тәріздес негізгі бөліктен тұрады.

Ілгектің ұзартылған тұғырына сым оралған.

Ромб түріндегі бөлшектің ортасы көпкүлтелі бедерлі гүлмен әшекейленген. Жиектерінің бойымен түйіршікке ұқсас өрнек өтеді, бұрыштарында үш ілмек бар.

ҚР Мемлекеттік алтын және бағалы металлдар музейі (Астана қаласы) сыйлаған. МАБММ Алматы қаласының тұрғыны Гүлденай Төрехановадан алған.

Оңтүстік Қазақстан облысы

2003 жыл

КП – 34 - 25362 / КДМ зсб – 439

№ 35 акт – 2004 жыл

Сыйлық


30. Сырға бөлшегі

ХІХ ғасыр соңы

600 сынамалы күміс

Қалыптау

7,4 х 2,5 (см)

6 г 6 мг

Ілгек түріндегі сырғалық пен ромб пішінді негізгі бөліктен тұрады.

Ілгектің тұғыры ұзартылған өзек түрінде.

Ромб түріндегі бөлшектің ортасы көпкүлтелі бедерлі гүлмен әшекейленген. Шеттерінің бойымен түйіршікке ұқсас өрнек өтеді, бұрыштарында үш ілмек бар.

ҚР Мемлекеттік алтын және бағалы металлдар музейі (Астана қаласы) сыйлаған. МАБММ Алматы қаласының тұрғыны Гүлденай Төрехановадан алған.

Оңтүстік Қазақстан облысы

2003 жыл

КП – 34 -25363 / КДМ зсб – 440

№ 35 акт – 2004 жыл

Сыйлық

Беттің басына© 2010 Шығыс – Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығы