Қазақтардың зергерлік әшекейлері
Алқалар, қапсырмалар
Алқалар
39. Алқа
ХІХ ғасыр соңы – ХХ ғасыр басы
875, 960 сынамалы күміс, шыны
Қалыптау, өру
5,5 х 0,7 (см); 26 (шынжырбау ұзындығы)
43 г 168 мг
Дөңгелек пішінді негізгі бөліктен және шынжырбаудан тұрады.
Негізгі бөлігі диск түрінде. Дискінің оң жақ беті мен бүйірлері геометриялық дөңес өрнектерімен безендірілген. Оң жақ бетінің 2,2 см диаметрлік аумағы жалпы үстінен 0,2 см биіктікке көтеріңкі, ойығына шыны орнатылған, оның арт жақ беті қызыл түске боялған. Шынының оң жақ беті ойылған геометриялық өрнегі бар дөңгелек бөлшекпен сәнделген. Дискінің теріс жағы тегіс емес. Жоғарғы шетіне шығыршықтарға шынжырбау бекітілген, ол жалпақ сегіздіктер түріндегі буындардан тұрады.
Ленинград қаласында антикварлық дүкеннен сатып алынған.
Батыс Қазақстан (болжаммен)
1983 жыл
КП – 3 - 13928 / КДМ зсв 1 – 17
№ 277 акт – 1983 жыл
Қапсырмалар
40. Қапсырма
ХІХ ғасыр соңы
750 сынамалы күміс
Түйіршік, жалған түйіршік, сымкәптеу, қалыптау, дәнекерлеу
8 х 5 х 1 (см)
40 г 66 мг (а), 43 г 71 мг (б)
Үш дөңес жартыдөңгелек пішініндегі екі құрама бөліктен тұрады, олар өзара топсалы әдіспен қосылған.
Қапсырманың әрбір бөлігі үш күмбез тәріздес қуыс төмпешіктермен сәнделген, олардың үстіңгі бөлігі домалақ түйіршіктермен әшекейленген. Күмбез тәрізді элементтердің табанын кертпелері бар ширатпа көмкеріп тұр. Шоқтықтар арасын дөңес айқас өрнектері бар ромб тәріздес гүлөрнек және ішкі сұлбасы бойында жалған түйіршіктер, жалған түйіршік техникасындағы екі үшбұрыш, ортасында және сырт жақ шеті бойында түйіршіктері бар төрт кішкентай дөңгелек гүлөрнек безендіріп тұр. Ромбтың айқас өрнегінде қапсырмалар бейнеленген суреттер. Топсалы қосылған жердің бет жағында кертпесі бар ширатпамен және кедір-бұдырлы ширатпамен көмкерілген ұзын сопақ пішінді дөңес жапсырма бар. Жапсырманың жоғарғы және төменгі бөліктері қиғаш орналастырылған үш томпақ жолақпен сәнделген. Қапсырманың шеттерінде ілмектері бар: бір жартысында үшеу, екіншісінде екеу. Қапсырманың сұлбасы екі қатар кедір-бұдырлы ширатпамен және кертпесі бар ширатпамен көмкерілген.
Қапсырманың сырт бетіндегі шоқтықтардың түбінде тесіктер мен бекітпенің дәнекерленген бөлшектері бар, жоғарғы бөлікте олардың бірі шегендеу тәсілімен бекітілген..
Кәсіби зергер әрі коллекционер Бәшіров Сержан Мұратұлынан сатып алынған, ол 1964 жылы туған, Алматы қаласының тұрғыны, ШҚО Тарбағатай ауданының тумасы.
Оңтүстік-Батыс Қазақстан
2005 жыл
КП – 40 - 26961/а, б/ КДМ зсв 1 – 188
№ 131 акт – 2005 жыл
41. Қапсырма
ХІХ ғасыр соңы
600 сынамалы күміс
Сымкәптеу, түйіршік, жалған түйіршік, қалыптау, дәнекерлеу, алтын жалату
9,6 х 5,3 х 0,8 (см)
27 г 35 мг (а), 33 г 98 мг (б)
Өзара топсалы әдіспен қосылған екі жартылай сопақ тілімнен тұрады.
Әрбір тілімде қара қоңыр шынылы екідеңгейлі сопақ қас (үлкен және кіші). Кіші қас үлкенінің ортасында орналасқан, сұлбасының бойы кертпесі бар және кедір-бұдырлы екі қатар ширатпамен сәнделген. Қасқа қондырылған шынының үстіңгі беті алты үшбұрыштан тұратын композициямен жалған түйіршік техникасында жабылған, ол кедір-бұдырлы, тегіс сымкәптеумен (төрт қатар) және кертпелі сымкәптеумен (екі қатар) бөлінген. Үшбұрыштардың қосылған жерлері түйіршіктермен безендірілген. Кіші қастың табаны екі қатар кертпелі сымкәптеумен және кедір-бұдырлы сымкәптеумен көмкерілген. Үлкен қас сұлбасының бойы екі қатар кедір-бұдыр сымкәптеумен (сыртқы және ішкі шеті бойымен) және үш қатар кертпелі сымкәптеумен сәнделген. Үлкен және кіші қастардың араларындағы жайдақ жерлер жалған түйіршік техникасындағы үшбұрыштардан тұратын сопақ композициямен және үшбұрыштардың қосылған жерлерінде түйіршіктермен әшекейленген. Осы аралықтың беті сары түсті. Жартылай сопақ тілімнің ішкі бұрыштарының бойында жалған түйіршіктерден тұратын ромб тәріздес өрнек, ал топсалы қосылған жерлердің бойында түйіршіктер. Топсалы бекіткіштің түтік тәрізді бөлшегі екі жағынан кертпелі сымкәптеумен және кедір-бұдырлы сымкәптеумен көмкерілген. Кедір-бұдырлы сымкәптеудің шағын жолағы жартылай сопақ тілімдердің жоғарғы, төменгі және қаптал жақтарын әшекейлеп тұр.
Қапсырманың шеттерінде ілмектер бар, әрбір жағында екі ілмектен.
Кәсіби зергер әрі коллекционер Бәшіров Сержан Мұратұлынан сатып алынған, 1964 жылы туған, Алматы қаласының тұрғыны, ШҚО Тарбағатай ауданының тумасы.
Атырау облысы
2005 жыл
КП – 40 - 26960/а, б / КДМ зсв 1 – 187
№ 131 акт – 2005 жыл
42. Қапсырма
ХХ ғасырдың басы
600 сынамалы күміс
Қалыптау, қаралау
7,7 х 4,6 (см)
36 г 125 мг
Пішіні бойынша балықтың екі құйрығын елестетін екі бөліктен тұрады. Бір бөлігінің ұшында – ілмек, екіншісінің ұшында – ілгек.
Әр жартысы ұзын бойына терең сызықтармен әшекейленген. Екі жартысының орталық бөліктері өсімдіктік өрнектермен сәнделген. Ілмегі бар бөлшек орта тұсында бұтақ түріндегі суретпен, екінші бөлшек – шырша түріндегі суретпен безендірілген.
Семей қаласының тұрғыны Орынғали Мұқанұлы Тұрсыновтан алынған. Қапсырманың иесі – өткізушінің әжесі.
Семей қаласы
1986 жыл
КП – 9 - 17298 / КДМ зсб 1 – 151/а, б
№ 135 акт – 1986 жыл
43. Қапсырма
ХХ ғасыр басы
600 сынамалы күміс
Қалыптау, қаралау
6,1 х 4 (см)
15 г 585 мг
Пішіні бойынша балықтың екі құйрығын елестетін екі бөліктен тұрады, бір жартысы екіншісіне қатаң түрде симметриялы болып келген. Қапсырманың бір жартысында ілгек, екіншісінде – ілгекке арналған арнайы тесік бар.
Қапсырманың ортасы арқылы бұтақтар мен жапырақтар түріндегі өсімдіктік өрнектерден тұратын ою-өрнекті жолақ өтеді. Қапсырманың ортасынан шеттеріне қарай құйрықтық жүзбеқанат суретін жасай отырып сегіз-сегізден терең түзу сызықтар өткен. Әрбір бөлігінде киімге тігуге арналған екі екіден тесік бар.
Сабыр Хамитұлы Жүкиннен сатып алынған, ол Семей қаласының тұрғыны. Зат отбасылық ескерткіш ретінде сақталған, қапсырманы Сабырдың әйеліне жақын туыстары көптеген жылдар бұрын сыйға тартқан.
Семей қаласы
1986 жыл
КП – 9 - 17305 / КДМ зсб 1 – 152/а, б
№ 137 акт – 1986 жыл
44. Қапсырма
ХХ ғасыр басы
600, 800 сынамалы күміс, тас
Соғу, сымкәптеу
4 х 2,5 (см)
10 г 277 мг
Екі бөліктен тұрады, негізгісінің ортасында тасы бар, ілмекті. Екінші бөлігі ілгек түрінде, дәнекерленген бес шығыршықпен әшекейленген.
Негізгі бөлігі қоңыр түсті сопақ пішінді таспен әшекейленген, ол шеті ирек тұтас қасқа қондырылған. Қастың табаны сымкәптеумен әшекейленген, оң тұсына бес ұсақ шығыршық, сол тұсына – жалпақ ілмек дәнекерленген.
Сұлтанғазы Түсіпбекұлы Сүлейменовтен сатып алынған, ол Марқакөл ауданы Боран ауылының тұрғыны, сол аудандағы Қарашілік ауылының тумасы. Оған әшекей әжесі Мәстурадан қалған, әжесі осы өңірде туып, өмір бойы сол жерде өмір сүрген. Малшы отбасында өскен.
Жергілікті ұста әрі Қарашілік ауылының зергері қапсырманы оған күміс теңгеден жасап берген. 1970 жылы осы ауылда әжесі 80 жасқа таяп қайтыс болған.
ШҚО Марқакөл ауданы
1986 жыл
КП – 9 - 17230 / КДМ зсв 1 – 61
№ 118 акт – 1986 жыл
45. Қапсырма
1900 – 1906 жылдар
600 сынамалы күміс, тас
Сымкәптеу, алтын жалату
11 х 3,6 (см)
25 г 662 мг
Пішіні бойынша жапырақтарды елестетін екі бөліктен тұрады. Бір “жапырақта” ілгек, екіншісінде – тесік түріндегі ілмек бар.
Қапсырма “сымкәптеу” техникасында орындалған өсімдіктік торкөз өрнекпен әшекейленген. Қапсырманың әр жартысы шеттерінің бойымен симметриялы түрде: үш жасыл және бір көк тастармен әшекейленген. Орталарында – бір-бірден сары-қызыл түсті сопақ пішінді ірі тастар орнатылған, олар көгілдір және жасыл түсті он төрт ұсақ таспен көмкерілген. Екі бөлігінің қосылған жерінде күңгірт көк түсті қырлы дөңгелек тас бар, ол жасыл және көгілдір түсті он бір ұсақ таспен көмкерілген. Қапсырманың бет жағына алтын жалатылған.
Александра Константиновна Нарежнаядан алынған, ол 1917 жылы туған, Күршім ауданы Күршім ауылының тұрғыны. Өткізушінің анасы Харитинья Андреевна Горбаконенконыкі, ол 1888 жылы туған.
ШҚО Күршім ауданы
1985 жыл
КП – 7 - 16009 / КДМ зсв 1 – 52/1, 2
№ 56 акт – 1985 жыл
Сыйлық
46. Қапсырма
ХХ ғасырдың басы
600 сынамалы күміс, ақық
Ойма, бедерлеу
8 х 4,2 (см)
22 г 96 мг (а), 28 г 3 мг (б)
Ілгекті-ілмекті тәсілмен қосылған, шеттері ирек гүлөрнек түріндегі екі бөліктен тұрады.
Әрбір бөлігінің ортасында шеттері тіс тәріздес келген биік (0,8 см) сопақ қас бар, оларға қызғылттау-тоқсары (ілмегі бар бөлігінде) және ашық қоңыр түсті (ілгегі бар бөлігінде) ақық орнатылған. Гүлөрнектердің бет жақтарының шеттері ирек өрнекпен сәнделген.
Қапсырманың әр бөлігінің шеттерінде алты-алтыдан тесік бар.
ҚР Мемлекеттік алтын және бағалы металлдар музейі (Астана қаласы) сыйлаған.
Батыс Қазақстан (болжаммен)
2003 жыл
КП – 34 - 25361/а, б / КДМ зсв 1 – 171
№ 35 акт – 2004 жыл
Сыйлық
47. Қапсырма бөлшегі
ХІХ ғасыр соңы – ХХ ғасыр басы
800 сынамалы күміс, бағалы емес металл, кіреуке
Бедерлеу, қаралау, керту
7 х 6 (см)
31 г 355 мг
Жапырақ пішінінде, бет жағы қара қоңыр кіреукемен жабылған өсімдіктік өрнекпен әшекейленген, бос жері ұсақ кертпемен сәнделенген, түймелік жағында – қуыс жартышар (d – 1,5), оған қара күңгірт кіреукемен көмкерілген ай шекілген. Ішкі жағына үш ілмек дәнекерленген, олардың екеуі бүлініңкіреп қалған.
Мейрамкүл Зайноллақызы Низамутдиновадан сатып алынған, ол Меновное селосының тұрғыны. Әшекей әжесінікі, ол 1898 жылы туған, ШҚО тумасы. Бұл зат оның қолына қазақтардың қайтыс болған адамның киімі мен заттарын туыстары мен көршілеріне тарату дәстүрі бойынша тиген.
ШҚО Таврия ауданының Меновное селосы
1985 жыл
КП 7-15892 / КДМ зсв 1 – 46
№ 18 акт – 1985 жыл
48. Қапсырма бөлшегі
ХІХ ғасыр соңы – ХХ ғасыр басы
800 сынамалы күміс, бағалы емес металл (ілмектер)
Бедерлеу, қаралау, керту
3,7 х 3,3 (см)
7 г 984 мг
Жапырақ пішіндес, бет жағы сабақтар мен гүлшанақ түріндегі өсімдіктік өрнекпен әшекейленген, сұлбасы түзу сызықпен көмкерілген. Бүкіл өрнек күңгірт кіреукемен жабылған. Кіреукеден бос беті ұсақ кертпемен әшекейленген. Ішкі жағына үш ілмек дәнекерленген.
Мейрамкүл Зайноллақызы Низамутдиновадан сатып алынған, ол Меновное селосының тұрғыны. Әшекей әжесінікі, ол 1898 жылы туған, ШҚО тумасы. Бұл зат оның қолына қазақтардың қайтыс болған адамның киімі мен заттарын туыстары мен көршілеріне тарату дәстүрі бойынша тиген.
ШҚО Таврия ауданының Меновное селосы
1985 жыл
КП – 7- 15893 / КДМ зсв 1 – 47
№ 18 акт – 1985 жыл