Қазақтардың зергерлік әшекейлері
Таналар, түймелер
Таналар
49. Тана
ХІХ ғасыр соңы – ХХ ғасыр басы
800 сынамалы күміс, тасы ақық
Сымкәптеу, бедерлеу, керту
5,7 см
20 г 98 мг
Негізгі бөлік дөңгелек пішінді, қуыс, сырт жағында ілмек.
Бет жағының ортасында биік (0,7 см) тұтас қасқа сопақ пішінді, шеті тегіс емес қоңыр түсті ақық тас қондырылған. Қастың қаптал таспасы ширатылған сымкәптеу қатарларымен әшекейленген. Үстіңгі жақ беті шығыршықтар мен ширатпалар түріндегі өрнектермен сәнделген. Тананың шеттері ширатпа сымкәптеу қатарларымен көркемделген, өрнектері – “есу”, “шырша”.
Алматы қаласында Ә.Қастеев атындағы мұражайдың салон-дүкенінде сатып алынған.
Оңтүстік Қазақстан (болжаммен)
2004 жыл
КП – 38 - 26303 / КДМ зсв 1 – 186
№ 370 акт – 2004 жыл
50. Тана
ХІХ ғасыр соңы – ХХ ғасыр басы
800 сынамалы күміс, шыны
Соғу, түйіршік
3,1 х 1,4 (см)
13 г 79 мг
Негізгі бөлігі дөңгелек пішінді, сырт жағында – табаны бар сирақтар.
Тана негізі қоңыр түс берілген шыныдан жасалған. Шынының үстіңгі беті жалған түйіршіктердің айқас орналасқан жолақтарымен әшекейленген. Қалқанша шеті бойымен жолақтар арасындағы бос жерлер жалған түйіршіктердің төрт үшбұрышымен сәнделген, олардың бұрыштары ішіне қарай орналасқан. Қапталдық таспа түйіршіктің үш жолағымен безендірілген.
ҚР Мемлекеттік алтын және бағалы металлдар музейінен (Астана қаласы) алынған.
Батыс Қазақстан (болжаммен)
2003 жыл
КП – 34 - 25351 / КДМ зсв 1 – 166
№ 33 акт – 2004 жыл
Сыйлық
Түймелер
51. Торсылдақ түйме – тонға арналған түйме
ХІХ ғасыр
750 сынамалы күміс
Түйіршік, қалыптау, жалған түйіршік, дәнекерлеу, алтын жалату
10,1 х 13,7 (см)
51 г 20 мг
Жұмыртқа пішінді негізгі бөліктен тұрады, биіктігі 0,8 см цилиндр тәрізді негізінің үшқырлы пирамидаша түріндегі ұшы бар және ұзындығы 1,9 см цилиндрлік өзекке ілмектер бекітілген.
Түйменің орта бойын S-тәрізді “мүйіз” өрнегінен тұратын екі қатар ою-өрнекті жолақ ораған, олардың арасынан түйіршіктер жолағы өтеді. Осындай ою-өрнекті жолақтармен түйменің жоғарғы және төменгі жартышарлары ұзын бойымен бөлінген. Өрнекті жолақтар түймені шамамен сегіз тең бөліктерге бөлген. Әрбір сегмент түйіршікті жеті үшбұрышпен әшекейленген, олардың үшеуі көлденең өрнектік жолаққа түйісіп тұр және екі-екі үшбұрыштан – бойлай өтетін жолақтарға түйіскен. Үшбұрыштардың төбесі ірі түйірлермен безендірілген.
Цилиндр тәрізді өзектердің табандары шеңбер бойымен екі жақтарынан түйіршікпен және “мүйіз” өрнегімен көркемделген.
Цилиндр түріндегі өзек ілмегінің түбін бойлай түйіршіктер үшбұрыштары әшекейлеген және екі ұшынан бастап түйіршіктер мен S-тәрізді “мүйіз” өрнектен тұратын ою-өрнекті жолақтармен сәнделген. Шығыршық түріндегі ілмек бұдырлы сақинаға енгізілген, ол цилиндр тәрізді өзекке бекітілген.
Түйменің пирамида тәрізді ұшы түйіршікпен, цилиндрлік негізі – “мүйіз” өрнекпен және түйіршікпен әшекейленген. Түйменің негізгі беті – алтын түстес.
Кәсіби зергер әрі коллекционер Бәшіров Сержан Мұратұлынан сатып алынған, ол 1964 жылы туған, Алматы қаласының тұрғыны, ШҚО Тарбағатай ауданының тумасы.
Батыс Қазақстан
2006 жыл
КП - 48 - 27744 / КДМ зсб – 474
№ 47 акт – 2006 жыл
52. Түйме
ХІХ ғасыр соңы
875 сынамалы күміс, мыс
Қалыптау, бедерлеу, түйіршік
4,7 х 8,6 (см)
23 г 4 мг
Жұмыртқа пішінді негізгі бөлік пен түйменің табанындағы мыс ілмектен тұрады.
Түймені айналдыра белдік өтеді, ол үстіңгі бетті шамамен тең келетін екі бөлікке бөліп тұр, олар нүктелері бар доға түріндегі өрнектермен әшекейленген. Түйменің үсті ширатылған екі шеңбермен қоршалған түйіршіктер шоғырымен (бес түйір) және әр жапырақтың ортасында нүктесі бар алтыкүлтелі гүл түріндегі суретпен безендірілген. Түйменің ортасында мыс ілмегі бар негізі де осындай алтыкүлтелі гүл түріндегі өрнекпен әшекейленген.
ҚР Мемлекеттік алтын және бағалы металлдар музейі (Астана қаласы) сыйлаған.
Оңтүстік Қазақстан
2003 жыл
КП – 34 - 25352 / КДМ зсв – 167
№ 33 акт – 2004 жыл
Сыйлық
53. Түйме
ХІХ ғасыр соңы – ХХ ғасыр басы
750, 875 сынамалы күміс
Сымкәптеу, түйіршік, керту, дәнекерлеу
5 х 6,5 (см)
15 г 27 мг
Жапырақ тәрізді төрт торкөз қыр түріндегі негізгі қуыс бөліктен және түйме табанындағы шағын ілмектен тұрады.
Әрбір қыры ортасында және айнала түйіршік домалақтары бар спираль тәрізді екі шеңберден тұрады. Түйменің ұшы түйіршіктер тізілген үшқырлы пирамида түрінде.
Кәсіби зергер әрі коллекционер Бәшіров Сержан Мұратұлынан алынған, ол 1964 жылы туған, Алматы қаласының тұрғыны, ШҚО Тарбағатай ауданының тумасы.
Солтүстік-Батыс Қазақстан
2005 жыл
КП – 40 - 26967 / КДМ зсб 3 – 470
№ 134 акт – 2005 жыл
Сыйлық
54 – 55. Түйме
ХІХ ғасыр соңы – ХХ ғасыр басы
750 сынамалы күміс, маржан, перуза
Қалыптау, сымкәптеу, түйіршік, ширату
5,8 х 7,2 (см)
13 г 88 мг (1), 14 г 24 мг (2)
Шар пішінді негізгі бөліктен және түйме табанындағы ілмектен тұрады.
Түйме үш маржан және бір перуза ендірмемен сәнделген. Қалған беті көпжапырақты гүлдермен әшекейленген, олар сымкәптеу техникасында орындалған. Түймені айнала түйіршік жолақ өтеді, ол ширатылған сымкәптеумен екі жағынан көмкерілген. Жоғарғы бөлігі шеті ирек металл қалпақшамен жабылған. Қалпақша гүлді елестетін шекіме өрнекпен сәнделген. Ортасы арқылы өзек өтеді, ол төбесіне гүл түріндегі шегенмен бекітілген, өзектің ұзындығы 2,8 см болатын екінші ұшына қосарлы сым оралған, ол ілмек болып біткен.
Кәсіби зергер әрі коллекционер Бәшіров Сержан Мұратұлынан сатып алынған, ол 1964 жылы туған, Алматы қаласының тұрғыны, ШҚО Тарбағатай ауданының тумасы.
Солтүстік-Шығыс Қазақстан
2005 жыл
КП – 40 - 26971/1 / КДМ зсв 1 – 191
КП – 40 - 26971/2 / КДМ зсв 1 – 192
№ 135 акт – 2005 жыл
56. Түйме
ХХ ғасыр басы
600, 800 сынамалы күміс, паста
Соғу, ою, бедерлеу, түйіршіктеу, бұрау
2,6 х 3,5 (см)
3 г 764 мг
Шар пішінді негізгі бөліктен және түйме табанындағы ілмектен тұрады.
Негізі көк түсті пастадан дайындалған. Түйменің жоғарғы және төменгі бөліктері бескүлтелі гүлдер түріндегі жартысфералық металл қалпақшалармен әшекейленген. Қалпақшалар ортасында дөңгелектері бар күлтешелер түріндегі өрнектермен сәнделген. Түйменің ортасы арқылы өзек өтеді, оның төбесіне бір шоғыр түйіршік бекітілген, өзектің ұзындығы 1,2 см болатын екінші ұшына қос ілмекпен бітетін сым оралған.
№ 56, 57 түймелер Семей қаласының тұрғыны Серікхан Рахманұлы Әлімхановтан алынған, ол бұрын ауылды жерде тұрған. Түймелерді отбасын құрып, бірге тұрған алғашқы жылы оның әйеліне ата-аналары мен туыстары сыйлаған. Туыстарының айтулары бойынша зергер жергілікті ауыл тұрғыны, қарт қазақ болған екен. Ол кеңінен танымал болған және оған көптеген тапсырыс түсіп, әртүрлі әшекейлер жасаған.
Семей облысы
1986 жыл
КП – 18 - 17301 / КДМ зсв 1 – 62
№ 136 акт – 1986 жыл
57. Түйме
ХХ ғасыр басы
500 сынамалы күміс, бағалы емес металл, паста
Соғу, ою, бедерлеу, түйіршік, бұрау
3,2 х 3,9 (см)
4 г 612 мг
Шар пішінді негізгі бөлік пен түйменің табанындағы ілмектен тұрады.
Негізі қоңыр түсті пастадан жасалған. Түйменің жоғарғы және төменгі бөліктері ирек шетті металл жартысфералармен жабылған, олар дөңгелекшелер түріндегі өрнектермен әшекейленген. Түйменің ортасы арқылы өзек өтеді, төбесіне бір шоғыр түйіршік түрінде шегенделіп бекітілген, өзектің ұзындығы 1,7 см болатын екінші ұшына ілмек болып бітетін металл сым оралған.
Семей облысы
1986 жыл
КП – 18 - 17302 / КДМ зсв 1 – 63
№ 136 акт – 1986 жыл
58. Түйме
ХХ ғасыр басы
600 сынамалы күміс, шыны
Соғу, ою, бедерлеу, түйіршік, бұрау
2,7 х 4,3 (см)
4 г 733 мг
Щар пішінді негізгі бөліктен және түйме табанындағы дөңгелек ілмектен тұрады.
Негізі мөлдір жасыл шыныдан жасалған, үстіңгі беті қырлы болып келген. Жоғарғы және төменгі бөліктері ирек шетті металл жартысфералармен әшекейленген, олар дөңгелекшелер түріндегі өрнектермен сәнделген. Түйменің ортасы арқылы өзек өтеді, төбесіне бір шоғыр түйіршік шегенделіп бекітілген, өзектің ұзындығы 1,2 см болатын екінші ұшына сым оралған және ұшы қос өзектен тұратын дөңгелек ілмек болып біткен.
№ 58, 59, 60 түймелерді Оразғайша Қайынразықызы Құрманғалиева берген, ол 1941 жылы туған, Семей облысының Жарма ауданы Жарма бекетінің тумасы. Түймелер кезінде Н.Құныспаеваның мерекелік пүліш камзолына тағылған, ол 1880 жылы туған, Семей облысының тумасы, өткізушінің күйеуінің әжесі. Ол қайтыс болғаннан кейін, 1972 жылы түймелер камзолдан қиып алынған екен.
Семей облысы
1982 жыл
ГИК – 28 - 11135 / КДМ зсв – 55
№ 175 акт – 1982 жыл
59. Түйме
ХХ ғасыр басы
960 сынамалы күміс, паста
Соғу, ою, бедерлеу, түйіршік, бұрау
3 х 3,9 (см)
4 г 891 мг
Шар пішінді негізгі бөліктен және түйме табанындағы дөңгелек ілмектен тұрады.
Негізі қоңыр түсті пастадан жасалған. Түйменің жоғарғы және төменгі бөліктері ирек шетті металл жартысфералық бөлшектерге қондырылған, олар шеңбердегі дөңгелекшелер түріндегі өрнектермен және сұлба бойы ирек сызықпен әшекейленген. Түйменің ортасы арқылы өзек өтеді, төбесіне бір шоғыр түйіршік (алты домалақ) түріндегі шегенмен бекітілген, өзектің ұзындығы 1,7 см болатын екінші ұшына сым оралған және ол қос өзекті дөңгелек ілмек болып бітеді.
Семей облысы
1982 жыл
ГИК – 28 - 11138 / КДМ зсв – 56
№ 175 акт – 1982 жыл
60. Түйме
ХХ ғасыр басы
916, 750 сынамалы күміс, тас
Соғу, ою, бедерлеу, түйіршік, бұрау
3 х 3,8 (см)
4 г 478 мг
Шар пішінді негізгі бөліктен және түйме табанындағы дөңгелек ілмектен тұрады.
Негізі ашық жасыл тастан жасалған. Жоғарғы және төменгі бөліктері ирек шетті металл жартысфералармен қапсырылған, олар дөңгелекшелер түріндегі өрнектермен және жартысфералық бөлшектер сұлбасының бойын қайталайтын ирек сызықпен әшекейленген. Түйменің ортасы арқылы өзек өтеді, оның төбесіне бір шоғыр түйіршік шегендеп бекітілген, өзектің ұзындығы 1,6 см болатын екінші ұшына металл сым оралған және ұшы қос өзектен жасалған дөңгелек ілмек болып бітеді.
Семей облысы
1982 жыл
ГИК – 28 - 11137 / КДМ зсв – 57
№ 175 акт – 1982 жыл