2021 жылғы 4 шілдеде Астана күні қарсаңында Солжағалық кешеннің Этноауылында батпырауықтар, кайттар және модельдік ұшақтар ұшырылды. Бұл «Ұлы Жібек жолы» халықтарының батпырауықтарды ұшыру дәстүрлерін насихаттау, сондай-ақ батпырауықтың құрылу және даму тарихына оралу мақсатында жүргізілді.
Жас техниктер станциясының авиамодельші-оқытушылары Сағындық Жұмағалиев пен Андрей Жиляков, сонымен қатар олардың тәрбиеленушісі, V-3-P сыныбы бойынша Республикалық жарыстың жеңімпазы және «залды пилотаждық модельдер» санатының ІІ орын иегері – Егор Кокоткин көрнекі өнерлерін көрсетті.